• RU
Четверг, 3 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Барлық оқу орындарына міндетті видеокурстар енгізу қажет

Қоғамдағы құқықтық сауаттылық пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға жұмсалатын бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, еліміздің барлық оқу орындарында цифрлық платформалар арқылы міндетті видеокурстар енгізу қажет.

by Jasyn
05/05/2025
in Әлеумет, білім
0
Барлық оқу орындарына міндетті видеокурстар енгізу қажет
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осындай ұсыныс тастаған Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова өзінің депутаттық сауалында жыл сайын тек республикалық бюджеттен  түрлі бағдарламалар мен әлеуметтік тапсырыстар аясында түрлі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына 60 млрд теңгеден астам қаражат бөлінетінін айтады.

«Олар бейнероликтер, буклеттер, баннерлер,  БАҚ, мақала шығару сияқты жұмыстарға жұмсалады.  Алайда бұл әдістердің тиімділігі мен қамту ауқымдылығы үлкен сұрақ тудырады. Мысал ретінде айтсақ Алматы қаласының өзінде бір жылда бюджеттен 600 миллиондай қаражат жұмсалады. Ал Еліміздегі 17 облыс, 90 қала көлемінде есептейтін болсақ бұл жұмысқа қыруар қаражат бөлінуде. Қанша қаражат жұмсалса да, Алматы қаласында болған соңғы жер сілкіністеріндегі адамдардың үрейге беріліп, не істерін білмей даурығуы, ескі әдіс-тәсілдердің тиімсіздігін әбден көрсетті.  Семей қаласындағы ұрып-соғу фактісі де оқушылардың буллингтің не екенін, қандай жауапкершілікке тартылатынын және қайда хабарласу қажеттігін білмейтінін көрсетті» дейді Мәжіліс депутаты.

Елімізде бір жылда жасөспірімдер 2000 астам  құқықбұзушылық жасайды. Тіпті құқықтық сауатсыздықтың кесірінен есірткі, кибералаяқтық, заңсыз ойын бизнесінің қаражатын шешуге көмектесетін азаматтар да жеткілікті. Қаржы мониторинг агенттігі 24 миллиард теңге айналымы бар  6,2 мың дропкарта анықтаған.

«Осыған байланысты міндетті төтенше жағдайлар мен жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл ережелері, буллингтің, ақпараттық және киберқауіпсіздік, құқықтық жауапкершілік және экстремизм, сыбайлас жемқорлық және тағы басқа қоғам дертіне айналған бағыттарда цифрлық видеокурстарды енгізуді ұсынамын.

 

Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар саны – 6 841 527, ал студенттер саны шамамен – 626 мың адам. Бұл видеокурсты енгізген күнде – жыл сайын 7 миллионнан астам жастарды қамтимыз» дейді халық қалаулысы.

Дәстүрлі әдістерден цифрлық шешімдерге көшу есебінен шамамен жылына 10-15 миллиард теңгедей бюджет қаражатын үнемделеді.

Фото: Edunews.kz

Tags: ақпараттық-түсіндіру жұмыстарықұқықтық сауаттылық пен қауіпсіздікоқу орындарыцифрлық платформалар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Таразда тіс емханасынан ұрлық жасаған ер адам бейнекамераға түсіп қалды

Таразда тіс емханасынан ұрлық жасаған ер адам бейнекамераға түсіп қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылдық полиция қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ облыстық филиалының өкілдерімен бірлесіп жол-көлік оқиғасының алдын алуда

Жамбылдық полиция қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ облыстық филиалының өкілдерімен бірлесіп жол-көлік оқиғасының алдын алуда

2 года ago
Қазығұрттық жастар жүлдесіз қалған емес

Қазығұрттық жастар жүлдесіз қалған емес

7 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In