2024 жылдың маусым айында сотталушы Е. Алматы қаласындағы базарға барған. Базардың батыс жағында, ашық жерде ол целлофанға оралған затты көріп, ол жерден «ОСА-Лазер ПБ-4-1» тапаншасын және 98 дана оқ-дәріні тапқан. Бұл заттардың қоғамға қауіпті екенін ұғынса да ол табылған заттарды құқық қорғау органына өз еркімен тапсырмаған.
Сөйтіп ешкімге көрсетпей және ешқайда қолданбай, оны үйінің жатын бөлмесінде жасырын тығып, заңсыз сақтайды.
Сотталушының кінәсі айғақтарымен дәлелденгендіктен прокурор бас бостандығынан айыруды сұрады.
Алайда сот сотталушының кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінуін жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде танып, ҚК 287-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 200 АЕК — 738 мың теңге мөлшерінде айыппұл тағайындады.
Фото: Дзен