• RU
Пятница, 4 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

2030 жылға қарай Каспий теңізінің деңгейі тіптен төмендеуі мүмкін

Соңғы жылдары Каспий теңізінің деңгейі төмендеп бара жатқаны белгілі. Мамандар 1900 жылғы ең жоғарғы деңгей мен 1977 жылғы ең төменгі деңгейдің арасындағы айырмашылық үш метрден асатынын айтады.

by Jasyn
23/04/2025
in Қоғам, Мәселе
0
2030 жылға қарай Каспий теңізінің деңгейі тіптен төмендеуі мүмкін
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Климаттық және антропогендік әсерлерден өзен ағынының төмендеуі, ауа температурасының көтерілуіне байланысты  булануы  артты, аймақтағы жауын-шашынның азаюы теңіз деңгейінің төмендеуінің негізгі факторларына жатады. Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияздың айтуынша 1976-2023 жылдар аралығында Каспий аймағы үшін орташа жылдық ауа температурасының өзгеруі әрбір 10 жыл сайын +0,51°С құраған.

2006-2023 жылдар аралығында Каспий теңізіндегі жауын-шашын 65 мм-ге азайды. Осы факторлардың барлығы Каспий теңізіне құйылатын судың азаюына алып келді.

«Каспий теңізіне шамамен 130 өзен құяды, бірақ ағынның негізгі бөлігі Волга өзенінен келеді, бұл ағынның 80%-дан астамын қамтамасыз етеді. Жайық өзенінің ағысы жалпы ағынның 3%-нан аспайды. Ғылыми бағалауларға сәйкес, қазіргі климаттық үрдістер мен суды басқару режимдері сақталса, Каспий теңізі деңгейінің одан әрі төмендеуі болжануда. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне жол бермеу үшін судың түсуі мен шығуы арасындағы тепе-теңдік қажет. Егер барлық Каспий маңы мемлекеттерінің бірлескен күш-жігері жасалмаса, 2030 жылға қарай теңіз деңгейі ғылыми болжам бойынша минус 29,5-30,2 м-ге дейін жетуі мүмкін» дейді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Б. Бекнияз.

Осыған байланысты мамандандырылған ғылыми институттар мен мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Каспий теңізінің тайыздану проблемаларын зерделеу үшін Ресей Федерациясымен екіжақты жұмыс тобы құрылмақ.

Фото: Inbusiness.kz

 

Tags: Каспий теңізінің тайыздану
Jasyn

Jasyn

Next Post
Тапанша мен оқ-дәріні жасырғаны үшін айыппұл арқалады

Тапанша мен оқ-дәріні жасырғаны үшін айыппұл арқалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Биыл 192 699 мектеп оқушысы сауықтыру және түрлі демалыс шараларымен қамтылады

Биыл 192 699 мектеп оқушысы сауықтыру және түрлі демалыс шараларымен қамтылады

1 год ago
Киберполицейлер шетелдік «дропперді» алаяқтық үшін ұстады

Киберполицейлер шетелдік «дропперді» алаяқтық үшін ұстады

6 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In