Сонымен қатар «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Жамбыл облысындағы клиникаларда жалпы сомасы 1 626 млн теңгеге жуық болатын 208 931 ақау анықтады.
Әсіресе, мұндай кемшіліктер алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда жиі кездескен. Бұл ұйымдар бойынша 773 684 мың теңгеден астам қаржы алынды, 195 485 ақау тіркелген.
Сондай-ақ, 13 446 бұзушылықтар стационар және стационаралмастыру көмегін көрсету барысында тіркелген. Бұл ереже бұзушылықтар бойынша 853 095 мың теңгеге экономикалық ықпал ету шаралары қолданылды.
«Ұсталған қаражат түгелімен сатып алу рәсімдері арқылы салаға қайтадан құйылады. Мониторинг барысында анықталған негізгі олқылықтар – емдеу-диагностикалық шаралар стандартынан ауытқу, қызмет құнын негізсіз қымбаттату және медициналық қызметтер көрсету фактілерінің негізделмеуі. Жамбыл облыстық филиалдың сарапшылары 148 604 528,09 теңгені құрайтын сомаға 18 157 қызметтің көрсетілмегенін анықтады. Бұл жағдайлар анықталған және төлем жасаудан алынып тасталды» дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Нұрлан Қабылұлы.
Фото: Informburo.kz