• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Жамбылда Шу өзенінің арнасын шынында кәсіпкер бұрып алған ба?

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Жамбыл облысындағы бір бассыздықты айтып, депутаттық сауал жолдаған болатын.

by Jasyn
03/04/2025
in Топ
0
Жамбылда Шу өзенінің арнасын шынында кәсіпкер бұрып алған ба?
0
SHARES
198
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Бір фазенда үшін бастауын Қырғызстаннан алатын Шу өзенін өзінің қорасына бұрып алу деген не сұмдық? Шу-трансшекаралық өзен. Сырдарияға барып қосылуы керек. Алайда, етектегі елге жетпей, Созақ даласы сорға айналғалы бірнеше жыл болды. Тұрғындардың айтуынша, тас пен топырақтан бөгет салып, өзеннің ағысын тоқтатып тастаған мойынқұмдық бизнесменге сот жоқ. 12 мың ірі қарасы бар дейді. Дронмен түсірілген фото-видеоларына дейін қолыма ұстатты. Өзен бірнеше жерден заңсыз бөгелген.

Маусым айында Жамбыл облысына барған сапарында бұл ақпараттың рас-өтірігін Премьер-министрдің өзі сұраған. Алайда,  жергілікті  шенеуніктер мен салалық министірлік бұл  «жалған ақпарат» деп Бектеновті кері қайтарған. Су ресурстары министрі бұл фазенданы неге қорғаштап әлек? Жағдайды білмей ме,  әлде кәсіпкерге сөзі өтпей ме?» дейді өз сауалында депутат.

Парламент Мәжiлiсінің депутаты Мақсат Толықбайдың депутаттық сауалына қатысты Су ресурстары және ирригация министрлігі жауап берді.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша Жамбыл облысының «Қазсушар» филиалы мен Шу-Талас бассейндік инспекциясының басшылары Созақ ауданына барды.

Тексеріс барысында Шу өзені арнасын өз бетінше бұру және заңсыз бөгет тұрғызу фактісі анықталған жоқ. Барлық суармалы алқаптар және су пайдаланушылар су ресурстарының бөлінген көлемінде (лимитте) сумен қамтамасыз етілуде.

Атап айтқанда, 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Тасөткел су қоймасынан Шу өзенінің төменгі арнасына 1 млрд 356 млн м3 су жіберілді. Жыл соңына дейін тағы 44 млн м3 су жіберу жоспарланып отыр. 2025 жылғы 27 наурызда Шу өзенінің суы Созақ ауданының Жуантөбе ауылдық округіне жетті. Қазіргі таңда су аудан шекарасынан 80 шақырым ішке қарай таралып жатыр. Бейнежазбада көрсетілген бөгет, Мойынқұм ауылдық округінің тұсында 1970 жылдары салынған және оны су шайып кетпес үшін жергілікті әкімдік жыл сайын нығайту жұмыстарын жүргізеді. Радай өзегі бойындағы бөгет Шу өзенінің суын Созақ ауданына жіберу және 10 мыңға жуық тұрғыны бар Комсомол және Мойынқұм елді мекендерінің тұрғындары мен шаруа қожалықтарын су шайып кету қауіпінен сақтау мақсатында бой көтерген.

Шу өзеңінің ағысын реттеу және бөгеттің бұзылуының алдын алу үшін Радай өзегінің басына су реттегіш құрылғы орнату туралы шешім қабылданды. Бұл құрылғы судың табиғи ағысын кезең-кезеңімен, қауіпсіз және тиімді басқаруға, суды Шу өзеңінің негізгі арнасымен жіберу және Созақ ауданына суды жеткізу уақытын азайтуға бағытталған. Қазіргі уақытта, жергілікті әкімдік жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп жатыр.

Айта кету керек, аудан әкімдігінің мәліметі бойынша Шу өзенінің бойындағы Мойынқұм ауданы аумағында 68 шағын шаруа қожалығы және жалпы саны 7500 ірі қара малы бар екі ірі ЖШС бар. Айта кету керек, өзен бойында 500 су сорғы бар, заңсыз қойылған 17 су сорғысы анықталып, айыппұл салынды. Су ресурстары және ирригация министрлігі Шу өзеңінің бойында орналасқан аудандарға тұрақты түрде су жеткізуді басты міндеттердің бірі деп санайды. Осыған орай, Шу өзенің алдағы жылда сумен қамтамасыз ету үшін Тасөткел су қоймасына 470 млн текше метр су жинау жоспарланып отыр.

Фото: Kazgazeta.kz

 

Tags: Су ресурстары министріШу өзені
Jasyn

Jasyn

Next Post
9 мың теңге тұратын көмір неге 25 мың теңгеден сатылады?

9 мың теңге тұратын көмір неге 25 мың теңгеден сатылады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақтелеком шағын операторлардан табысының жартысын беруді талап етіп отырған – министр

Қазақтелеком шағын операторлардан табысының жартысын беруді талап етіп отырған – министр

3 года ago
Елордаға Астана атауы қайта беріле ме?

Елордаға Астана атауы қайта беріле ме?

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In