Оның ішінде, 5-і немесе 71,5%—ы жергілікті атқарушы органдардың, 2-і немесе 28,5%—ы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне қатысты.
«Әдеп жөніндегі уәкілдермен тиісті мемлекеттік органдардың ұжымдарында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнама және әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан, кейбір қызметшілер заңнама талаптарын өрескел бұзуды жалғастыруда» дейді бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С. Джузбаева.
Мәселен, 2024 жылдың 26 шілдесінде БАҚ-та мемлекеттік қызметшілерге қатысты жарияланған сыни материалдарға мониторинг жүргізу барысында Т. Рысқұлов ауданы Көгершін ауылдық округінің әкімінің әрекеттеріне қатысты сыни жарияланым анықталды. Жарияланымда көрсетілген уәждерге сәйкес іс жүзінде ауылдық округ әкімі аппаратында жұмыс істемейтін қоғамдық жұмыскерлерге айлықақы төленген.
Аталған мәселе бойынша ауылдық округ әкіміне «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
Сондай-ақ биылғы жылдың 29 қаңтарында «Telegram» әлеуметтік желісіндегі «ORDA.KZ» парақшасында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қатысты сыни жарияланым анықталды. Жарияланымда қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланғандығы туралы уәждер келтірілген. Нақтырақ айтсақ, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Тараз қаласында мерейжасын атап өтіп, сол тойға бірқатар мемлекеттік қызметшілер қызметтік көлікпен келгені жазылған болатын.
«Қызметтік автокөлікті пайдалану мәселесі зерделеніп мемлекеттік қызметшінің немесе лауазымды тұлғаның қызметтік автокөлікті қызметтен тыс уақытта пайдалану фактісін растайтын нақты дәлелдер анықталмады. Сонымен қатар, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы 13.02.2025 жылғы № 5-тж бұйрығымен қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақытта басшының рұқсатынсыз пайдаланғаны үшін автокөлік жүргізушісіне «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды» дейді бұл жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Р. Шарипов.
Фото: Акмолинская правда