• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Өткен жылы «Ауыл аманаты» арқылы қарастырылған қаражат бөлінбеді

Президент «Тауарлық несие» тәжірибесін кеңінен таратып, ауылдағы іскер азаматтарға алғашқы тауарлық капитал беруді тапсырған болатын. Алайда Үкімет тарапынан ешқандай қозғалыс білінбейді. Тек 3-4 облыста жағдайы жоқ отбасыларға «Ауыл аманаты» арқылы мал таратып, соны «тауарлық кредитті орындадық» деп қазан қақпағын жауып қойды.

by Jasyn
20/02/2025
in Топ
0
Өткен жылы «Ауыл аманаты» арқылы қарастырылған қаражат бөлінбеді
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов депутаттық сауалында мемлекет тарапынан беріліп жатқан арзан несие жеткіліксіз, 2024 жылы «Ауыл аманаты» арқылы қарастырылған қаражат бөлінбегенін жеткізді. Оның өзінде ол кредиттер кепілдікке мүлік беруді талап етеді. Лизинг арқылы жұмыс істеу де қиын, өйткені ауыл азаматтарының алғашқы жарна төлеуге мұршасы жоқ.

«Тауарлық кредит» — жақсы механизм! Соны түсінген кейбір ірі кәсіпкерлер қолында бар малды іскер азаматтарға таратып жұмыс істеп жүр. Бірақ осындай жеке кәсіпкерлердің инициативасын ынталандыратын механизм жасалған жоқ. Ақтөбе облысында «Ауыл партиясының» мүшелері ұйымдастырған «Сауын» бағдарламасын әлеуметтік желіде жарнамалап едім, соңынан тауарлық кредитке мал сұрағандардың саны мыңнан асты. Жұмыс істеймін деген азаматтар, әсіресе ауыл жастары өте көп» дейді Б. Ізмұхамбетов премьер-министрге жолдаған сауалында.

Ия, мемлекеттік бюджет ауыр жағдайда. Үкіметтің беретін ақшасы жоқ. Ол жағы түсінікті! Алайда Қазақстанда қолында малы да, тұқымы да, техникасы да, тіпті ақшасы бар азаматтар көп емес пе? Жер телімі бар, бірақ теңгесі жоқ шаруалар қаншама! Қара тілмен айтқанда — бірінде бар, бірінде жоқ. Ендеше, осы екі топтың бір-бірімен «Тауарлық кредит» арқылы қоян-қолтық жұмыс істеуін неге қамтамасыз ете алмаймыз?

Сондықтан депутат мемлекеттік деңгейде тауарлық кредитті тез әрі өте оңай жолмен беруге бағытталған арнайы бағдарлама жасалуын талап етеді. Ол бағдарлама «Ауыл аманатынан» бөлек болуы тиіс.

Және ол бағдарламада «тауарлық несие» арқылы өз капиталын ауыл азаматтарына беріп, агробизнестің жаңа моделіне көшуге бел буған ірі шаруашылықтарды халықпен тікелей жұмыс істеуге қызықтыратын, ынталандыратын арнайы франшиза ұсыну керек. Ол франшизаның бастапқы жарнасы бюджет арқылы төленіп, қаржылық тәуекелдері мемлекет тарапынан сақтандырылуы керек!

 

Фото: Sputnik Қазақстан

 

Tags: «Ауыл аманаты»«Тауарлық несие» тәжірибесімемлекеттік бюджет
Jasyn

Jasyn

Next Post
Таразда ғимараттарға «бомба қойылды» деген ақпарат түскен

Таразда ғимараттарға "бомба қойылды" деген ақпарат түскен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қатын, бала-шағасынан құмар ойын артық болып тұр

Қатын, бала-шағасынан құмар ойын артық болып тұр

1 год ago
Үкімет құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты қандай шаралар қабылдауда

Үкімет құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты қандай шаралар қабылдауда

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In