• RU
Четверг, 15 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Есірткі үшін сотталған азаматтың анасы үндеу жасады

Жамбыл облысының Полиция департаменті қамауда отырған есірткі курьерінің анасымен болған сұхбатты жариялады. Әйел адам ұлының өз қателігінен тапқан қазіргі тағдыры мен жүрегін жайлаған мұң туралы айтып, жастарды қайталамауға шақырды. Өйткені бір ғана қателік адам болашағына балта шабуы мүмкін. Оның 23 жастағы ұлы есірткіні жасырын орындарға қойып кетумен айналысқаны үшін 10 жылға сотталған.

by Jasyn
17/02/2025
in Әлеумет
0
Есірткі үшін сотталған азаматтың анасы үндеу жасады
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

— Әрине, мұндай жағдайларда ата-аналар бірінші кезекте өздерін кінәлайды. Жолдасым екеуміз таңертеңнен кешке дейін жұмыста болдық. Ұлымыздың немен айналысатынына, уақытын қалай өткізетініне қызығушылық танытпадық. Біз оның араласатын ортасын білмедік, тіпті ортасының нашар істерге үйір етіп жатқанын, жаман әдеттері жұғатынын, жоғары оқу орнында білім алып жүрген ұлымыздың сабақққа бармай жүргенін де байқамадық,- дейді анасы.

Кейіннен ұлы күндіз-түні үйіне келуді қойған. Анасы оның киімдерінің қалтасынан бірнеше рет тамшуыр (пипетка) тапқан, алайда ұлы агрессивті әрекет етіп, жақындарымен сөйлеспей қойған.

— Оның оғаш мінез-құлқын байқап, біз ара қатынасымызды түзетуге тырыстық. Кейде жаймен, кейде ұрыстық, жылы да сөйлестік, қулыққа да бардық. Бірақ барлық әрекетіміз нәтижесін бермеді. Ол қалыпты дұрыс тамақтануды, ұйықтауды қойды, күрт арықтап кетті. Содан кейін үйдегі құнды заттар да жоғала бастады, — дейді ол.

Полиция ұлын тұтқындаған кезде баласының есірткі заттарын қолданатынын және есірткі тасымалдаушы болып жұмыс істейтінін білген.

— Тағдырлы қателік ұлымның өмірін құртты. Қазір ол қылмысы үшін жазасын өтеп жатыр және жасаған ісіне өкінеді, — деді сөзін түйіндеген ана.

Сотталушының анасы жасөспірімдердің ата-аналарын балаларының өміріне барынша араласып, оларға жақын болуға, құқыққа қайшы әрекеттер жасауына жол бермеуге, ал жастарды ұлының қателіктерін қайталамауға шақырады.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Tags: анасының үндеуіесірткіесірткі курьеріесірткі тасымалдаушыЖамбыл облысының Полиция департаменті
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылда 350 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбылда 350 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда министрліктердің атауы мен санын нақты бекіту ұсынылды

Қазақстанда министрліктердің атауы мен санын нақты бекіту ұсынылды

3 года ago
Таразда жасөспірім әкесінің көлігін айдап әкетіп, полициядан қашқан

Таразда жасөспірім әкесінің көлігін айдап әкетіп, полициядан қашқан

2 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In