Облыстық білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов биыл кәсіпкерлік бағыттағы 33 инвестициялық жоба бойынша 1 360 жұмыс орны, ауыл шаруашылығы бағытындағы 18 жоба бойынша 234 жұмыс орны құрылып, мамандар тартылатынын жеткізді. Сонымен қатар 110-нан астам бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.
Жаңа кәсіптер атласында өңірге қажет негізгі 5 сала (агро, өнеркәсіп тау-кен, баламалы энергетика, туризм, көлік және логистика) бойынша жаңа, жойылатын және трансформацияланатын мамандықтар тізімі нақтыланды. Облыста колледждерде сұранысқа сай жаңа мамандықтар ашылу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
«Enbek.kz» порталына 15 000-ға жуық студентті бос жұмыс орындарына орналасумен іздеу дағдыларын үйрету жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Кәсіпкерлер тарапынан колледж студенттеріне 2025 жылы 120 орын, 2026 жылы 100 орындық жатақхана салынады деп күтілуде.
Жамбыл инновациялық жоғары колледжі базасында «1С» сертификаттау орталығы жақын арада жұмысын бастайды.
Басқарма басшысы «Отбасы банк» АҚ арқылы тұрғын үй бағдарламалары аясында «Әулиеата жастары» жұмысшы қызметкерлерге жеңілдетілген несие ұсыну жұмыстары жүргізіліп жатқандығын да хабарлады.
Ал жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов өңірдегі жұмыссыз азаматтарды «Skills enbek» порталы арқылы онлайн оқыту бағыты бойынша 3 200 адамды тегін оқыту жоспарланып отқандығын жеткізді. Қазіргі таңда аталған портал арқылы 767 адам білім алып жатыр.
Фото: Жамбыл облыстық әкімдігі