• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Төтенше жағдайлар жүйесінің жай-күйіне аудит жүргізу қажет

Қазақстанда төтенше жағдайлар туралы ескерту жүйесінің дайындығы төмен екені және осы саладағы алдын алу жұмыстарының ұйымдастырылуы нашар болуы өзекті мәселе болып қалып отыр. Сенатор Андрей Лукин өзінің депутаттық сауалында осы мәселе туралы жария етті.

by Jasyn
03/02/2025
in Қоғам
0
Төтенше жағдайлар жүйесінің жай-күйіне аудит жүргізу қажет
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Ескерту жүйесі, әсіресе, табиғи апат қаупі жоғары өңірлерде үнемі дайындықта болуы тиіс. Алайда қазіргі таңда бұл салада тиісті мекемеде бақылаудың әлсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялардың жұмысына салғырт көзқарас, қаржының тиімсіз жұмсалуы байқалады. Бұл жағдай халықтың қауіпсіздігіне тікелей әсер етіп, жедел шешім қабылдауды қажет етеді», – деп атап өтті сенатор.

Сенатордың айтуынша, мәселенің негізгі себебінің бірі – әкімдіктер мен төтенше жағдайлар департаменттері арасындағы жұмысты үйлестіру деңгейі төмен болып отыр. Мысалы, Түркістан облысында 2022 жылы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия бар-жоғы бір ғана отырыс өткізген, ал жоспарланған іс-шаралардың басым бөлігі жүзеге аспаған. Мұндай жағдайлар басқа өңірлерде де кездеседі, бұл азаматтық қорғаныс саласындағы жүйелі кемшіліктерді көрсетеді.

Сенатор Андрей Лукин осы мәселелерді шешу үшін еліміз бойынша төтенше жағдайлар туралы ескерту жүйесінің жай-күйіне кешенді аудит жүргізуді ұсынды.

«Ескерту жүйелерін басқаруды орталықтандыру мүмкіндігін қарастырып, оларды төтенше жағдайлар департаменттерінің балансына беру қажет. Сондай-ақ, еліміздің барлық өңіріндегі ескерту жүйелерінің жағдайын бақылау үшін бірыңғай цифрлық платформа құру керек. Бұған қоса, қаржылық заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қолданыстағы келісім-шарттар мен мәмілелерге аудит жүргізу қажет. Ұсынылған шараларды жүзеге асыру халықтың қорғалуын күшейтіп, азаматтық қорғаныс органдарының жұмысын тиімдірек етеді», – деп атап өтті сенатор.

Фото: Ernur.kz

Tags: Сенатор Андрей ЛукинТөтенше жағдайлар жүйесіне аудит жүргізутөтенше жағдайлар жүйесінің дайындығы төмен
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысындағы ауыл тұрғындарына 100 бас мал берілді

Жамбыл облысындағы ауыл тұрғындарына 100 бас мал берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Нәтиже көрсетпей отырған 11 миллиард теңгелік жоба сенатордың ашуын келтірді

Нәтиже көрсетпей отырған 11 миллиард теңгелік жоба сенатордың ашуын келтірді

4 года ago
Жамбыл облысының полицейлері қылмыстық топты құрықтау кезіндегі бейнематериалды көрсетті

Жамбыл облысының полицейлері қылмыстық топты құрықтау кезіндегі бейнематериалды көрсетті

6 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In