ҚР Парламенті Мәжілісінде ел Президентінің бастамасымен сайлау туралы ұсынымдар енгізілген заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 15 қаңтарда VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмасына сәйкес, Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегі 7%-дан 5%-ға дейін төмендейді, сондай-ақ барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «барлығына қарсымын деген» графа қосылады», — деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжілістің жалпы отырысында.
Айта кетейік, министр Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңы жобасын таныстырды. Онда аудан әкімдерін сайлау ұсынысы да енгізілген. Заң жобасын Мәжілістің жалпы отырысына қатысып отырған 95 депутаттың барлығы мақұлдады.