• RU
Понедельник, 16 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Әлеуметтік қорғау саласындағы педагогтардың жалақысы неге төмен?

Әлеуметтік қорғау саласында жұмыс істейтін психологтар, дефектологтар, логопедтер мен тәрбиешілер мектептердегі әріптестеріне қарағанда төмен жалақы алады. Олар мүгедек балалармен жұмыс істесе де назардан тыс қалып отыр. Себебі, оларға басқа мұғалімдер немесе әлеуметтік қызметкерлер сияқты аттестациядан өту мүмкіндігі қаралмаған. Бұл ақыр соңында жалақының төмен қалпында қалуына әсер етеді.

by Jasyn
25/01/2025
in Әлеумет
0
Әлеуметтік қорғау саласындағы педагогтардың жалақысы неге төмен?
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Соның нәтижесінде жұмысқа деген ынта-ықылас төмендей түсуде және кадрлардың жоғары ақы төленетін білім беру саласына ауысуы көбейіп барады. Бұл дербес көзқарас пен өзгеше назар аударуды қажет ететін ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін қызмет сапасына тікелей әсер етеді, деп атап өтті сенатор Бибігүл Аққожина.

«Әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі педагогтарға аттестация жүйесінің болмауы кәсіби өсуге ынталандыруды жоюмен қатар, ерекше назар аударуды қажет ететін балалармен жұмыс сапасына да қауіп төндіреді. Аттестаттауды енгізу мамандардың біліктілігін объективті бағалауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде олардың жалақысының өсуіне және еңбек жағдайының жақсаруына әсер етеді. Мұндай аттестаттаудың қажеттілігі, әсіресе, жалақының айырмашылығына келгенде аса маңызды болып табылады. Мысалы, білім беру мекемелерінде педагог-психолог 247 мың теңге алады, ал әлеуметтік қорғау мекемесіндегі әріптесінің жалақысы 187 мың теңгені құрайды. Еңбекақы төлеудегі мұндай алшақтық кәсіби ынта-ықыластың төмендеуіне ықпал етеді және мамандардың біліктілігін арттыру мүмкіндігін шектейді», — деп атап өтті сенатор.

Депутат әлеуметтік қорғау саласындағы педагогтарға аттестаттау жүйесін енгізуге мүмкіндік беру үшін ережелерді өзгертуді ұсынып отыр. Ол әлеуметтік қорғау мамандарын аттестациялау олардың кәсіби ынта-ықыласын арттырып қана қоймай, ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін білім беру және әлеуметтік қызметтер сапасын жақсартады деп санайды.

Фото: Inbusiness.kz

 

 

Tags: әлеуметтік қорғау саласындағы педагогтарпедагогтарға аттестация жүйесін енгізутөмен жалақы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жеңгем әжемнің жағасынан алып, әкемнің басына сорпа төге салды

Жеңгем әжемнің жағасынан алып, әкемнің басына сорпа төге салды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Республикалық жас педагогтер байқауы басталды

Республикалық жас педагогтер байқауы басталды

2 года ago
Аймағамбетов мектеп директорларына: Мұғалімдерді сабақтан тыс жұмыстарға тартпаңыздар

Аймағамбетов мектеп директорларына: Мұғалімдерді сабақтан тыс жұмыстарға тартпаңыздар

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In