Тараз қаласы Полиция басқармасына зейнеткер әйел алаяқтық бойынша арызбен жүгінген. Ол белгісіз адамның алдау жолымен оның 13 200 000 теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп алғанын хабарлаған. Қаскүнем интернет-ресурстарды пайдалана отырып, оның банк шотына қатысты алаяқтық әрекет жасаған.
Күдікті Қазақстан аумағынан шығуға әрекет жасаған кезде ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Фото: Тараз қаласы Полиция басқармасы