• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеуметтік желіден

Жыландар жер сілкінісі болатынын қайдан біледі? (болған оқиға ізімен)

Ата-бабамыз "жылан" деп жария қылып айтпай, осы бір тіршілік иесін "шұбар" деп, жанай-жасырып, тұспалдап та атаған. Бауырымен жорғалап, қол-аяғы жоқ болса да заты басқа, өзінен әлдеқайда күші басым, тұрқы ірі жаратылыстарға сес көрсете білетін жыландар жайлы мына бір оқиға есімнен кетер емес...

by Jasyn
08/01/2025
in Әлеуметтік желіден
0
Жыландар жер сілкінісі болатынын қайдан біледі? (болған оқиға ізімен)
0
SHARES
38
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сәуір айы туа сала біз қыстақтан қозғалып, Бозша ауылының күн шығысын ала орналасқан Қатай тауының етегіне қоныстандық. Бұл қарт таудың баурайы сәуір, мамыр айларында ажары ашыла түсіп, көркем көйлек киген қыз іспетті айрықша құлпырып, қырмызы гүлдің кілемімен көмкерілер еді. Әсіресе, 25-мамырдың қызығы мол болатын. Маңайдағы барлық мектеп оқушылары топ-тобымен сол таудың аңғарларынан гүл жинап, сарымсақ теруге шығатын. Тау-тасты аралап, ойын қуып жүретін балалар жартас-жақпартас араларынан әредік қылаң беріп, тосын тосқауыл бола қалатын оқжыланды көп көретінбіз. Ал малшы атаулы біз байқай бермейтін тұстарды тұспалдап, бірер малын жылан шағып, басы күп болып ісініп кететіндігін әңгімелеп отыратын.

Күндердің бір күнінде таң атпай қам жасап, Күннің өзінен де ерте тұратын әкем бәрімізге «ауылға ордалы жыланның қонаққа келіп жатқандығы» жайлы ескертті. Ойын баласымыз ғой, бұл хабарды тұла бойымыз тітіркене қабылдасақ та, әкеміздің сөзін қызықтап, көзімізді тырмалай ашар-ашпастан, есік алдына атып шықтық. Сонда байқағаным ат шаптырым жердегі Қандысу өзенін жағалай, жаңа рауандап келе жатқан күнмен шағылысып, көлік доңғалағындай доғалдар құрап, кейбірі жуан білектей, қайсыбірі қыз баланың балтырындай бұлтың қағып, жол үстінде ширатылып жатқан, жон-жотасы жалт-жұлт еткен қара-шұбар жылтырақтар еді…

Әкем кәлимасын оқып, олармен «тілдеспекке» беттеді. Біз болсақ, тағат таппай, біршама күттік. Шәй қайнатым уақыт өте оралған әкем дастархан басында отырып, осы оқиғаның мән-жайын толық түсіндірді.

Әкем – табиғатпен тілдесе алатын, тумысынан танымы бөлек, ерекше қабілеті бар адам. Жарықтықтың айтуынша, жыланның ұзын саны екі мыңға жуықтайды… Орда бегімі – аналық жылан. Өзіне қарасты барлық үйелмендерді бүтін үйірге жинап, орданың басын батысқа бұрып, біржола қоныс аударып бара жатқан беті екен. Үш күндей осы жерде дамылдап, тау бөктерінде түнемек. Өткел бермес өзен суын өзеурей кесіп өтіп, әбден шаршапты. Аналық жылан: «Алда – ұзақ сапар. Аз-кем аялдап, бір түнде жоқ боламыз. Тек бір шарт бар бізде… Алаңдатпаңдар! Еш адам мазамызды алмағаны абзал, жолдың жөні – сол!» — депті. Қоштасарда: «Жақында бұл маңда жер қозғалып, ауыл-аймақ қирайды, бірақ адамдар аман қалады», — деп, бірер уақта үлкен бір қатердің болатынын да ескерткен екен.

– Құдайдың құдіреті-ай! Киелі ғой бұ жазған… Бәтікеш, сүт әкел, жыланның басына ақ құйып қайтарайық, оған да залалсыз, бізге де қайырлы болғай! — деп, аятын күбірлей оқыған әкем дұға жасап, бетін сипады. Сөзінің соңында: «Бұл мақұлыққа тән тіршілік иесі болғанымен, киесі өте күшті, қасиеті жойқын жәндік», — деген-ді.

Ол 1990-ның сәуірі болатын. Сол жылдың маусым айының 14-і күні шығыс өңірінде 8 балдық жер сілкінісі тіркелді…

* * *

«Киелі жылан жылы келді!» — деп, шама-шарқымызша шулап-ақ жатырмыз. Біз тиіспесек, өздігінен ешкімге ұрынбайтын, уының пайдасы мен емдік қасиеті де, заһарының зардабы мен қасіреті де жоғары, жылына бірнеше мәрте түлейтін жылан жылы құтты болсын, Қазақ Елі! Ордалы айдардың алапат киесін үркітіп алмасақ болғаны…

Айжан Шайхықызы

(Айжан Жумадилованың фб-дағы парақшасынан)

 Фото: Zakon.kz

Tags: Жыландар жер сілкінісіКиелі жылан
Jasyn

Jasyn

Next Post
Таразда өзін кранға байлап тастаған ер адам қандай талап қойды?

Таразда өзін кранға байлап тастаған ер адам қандай талап қойды?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Біртановты үйқамақта ұстау туралы шешім тағы да өзгеріссіз қалды

Біртановты үйқамақта ұстау туралы шешім тағы да өзгеріссіз қалды

4 года ago
Темекі бұйымдарын жасырып алып өтпек болған

Темекі бұйымдарын жасырып алып өтпек болған

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In