• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Қоғам

Жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу өткізіп, ғимаратты өздеріне қайтарып алады

Сенатор Амангелді Нұғманов өз депутаттық сауалында қаржылық теңгерімсіздік пен әлеуметтік әділетсіздік мәселелерін көтерді. Оның пікірінше, мұндай мәселелер жергілікті бюджеттердің тиімді пайдаланылмауы және олардың автономия қағидасының бұзылуы салдарынан туындап отыр.

бойынша Jasyn
10/12/2024
in Қоғам
0
Жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу өткізіп, ғимаратты өздеріне қайтарып алады
0
Бөлісу
12
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанның Бюджет кодексіне сәйкес, әрбір деңгейдегі бюджет дербес болуы керек. Бұл жергілікті биліктің қаржылық шешімдері үшін жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Алайда, сенатор Нұғмановтың айтуынша, іс жүзінде бұл қағида жиі бұзылады. Ең алаңдатарлық жайттардың бірі – орталық органдар тарапынан жергілікті бюджеттердің қаржысы есебінен жергілікті мекемелер үшін ғимараттар салу, күрделі жөндеу жүргізу немесе қызметтік көлік сатып алу сияқты шығындарды қаржыландыру. Мұндай тәжірибе бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға және жергілікті бюджеттерге қосымша қаржылық жүктеме тудыруға әкеледі.

«Еліміздің ірі ұлттық компанияларының жыл сайын өздеріне меншікті өңірдегі ғимараттарын жергілікті бюджет есебінен ірі жөндеуден өткізіп, кейіннен қайтадан өз балансына қайтарып алу әрекеттерін жиі қолдануда. Мұндай іс-әрекеттер бюджеттің тиімді пайдаланылуына, жергілікті қаржылық теңгерімге кері әсерін тигізіп отыр. Осы мәселелерді жүйелі түрде шешу және ретке келтіру үшін бірқатар шаралар қабылдануы қажет. Бұл шаралардың басты мақсаты жергілікті бюджеттің дербестігін қамтамасыз ету және оның ашықтығын арттыру болуы тиіс», – деп атап өтті сенатор Амангелді Нұғманов.

Сенатордың пікірінше, жергілікті маңызы бар нысандарды тапсыру процестеріне бақылауды күшейту және бюджет тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату қажет. Мемлекеттік органдар арасында нысандарды жиі беру жағдайында міндетті аудит жүргізіп, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдау керек.

Фото:BaigeNews.kz

Tags: әлеуметтік әділетсіздікЖергілікті бюджетжергілікті қаржылық теңгерім
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

26 наурызда әлем бойынша жарық бір сағатқа өшеді

26 наурызда әлем бойынша жарық бір сағатқа өшеді

4 года бұрын
Банкрот жеке тұлғалардың есептен шығарылған қарыздары  табыс салығынан босатылды

Банкрот жеке тұлғалардың есептен шығарылған қарыздары табыс салығынан босатылды

3 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In