Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов октагонға жазда оралады. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Оның келесі қарсыласы украиналық Антон Радько болады. Кездесу 19 маусымда Атырауда өтеді.
Еске салайық, кейінгі рет «Найман» қаңтарда Магнитогорскіде (Ресей) жекпе-жек өткізіп, ресейлік Максим Пантелеевті бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.