• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

«Жаңа лептің» салған әндеріне бүкіл Тәжікстан ғашық болды

Соңғы жылдары Түркістанның мәдениеті жаңа белестерді бағындырып келеді. Жастардың талантын шыңдауда, оларды халыққа көрсетуге жер-жерден білікті мамандар келуде. Қазіргі таңда жастардан құралған талай ұжым киелі шаһарда талмай еңбек етіп жүр. Соның ішінде «Жаңа леп» ансамблінде де өнерлі актер, актриса, әншілер көп. Бұл әр түрлі жанрдағы түрлі таланттар жиналған аты айтып тұрғандай «Жаңа лепті» жастар.

by Jasyn
28/11/2024
in • Жастар саясаты
0
«Жаңа лептің» салған әндеріне бүкіл Тәжікстан ғашық болды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Біз бұл жөнінде Түркістан қаласы «Конгресс хол көпсалалы кешенінің» концерттер ұйымдастыру менеджері Венера Исламғалиевамен сөйлескен едік.

Бар өмірін мәдениет пен өнерге арнап, құрылғанына 5 жыл толған Түркістан облысының мәдени мұрағатына айтулы шараларды ұйымдастыруға үлес қосып жүрген Венера ханым Батыстан Оңтүстіктің рухани астанасына келіп, еңбек етіп жүрген еңбек жолы, Түркістанның мәдениеті, Конгресс холдың жұмыстары жайлы сөз қозғады.

– Венера ханым, ең алдымен еңбек жолыңыз қашан, қалай басталғанын айтып берсеңіз. Батыстан Оңтүстікке келуіңізге не себеп болды?

– Мен Мұхит Мералыұлы, Ғарифолла Құрманғалиев, Ескендір Хасанғалиев сынды біртуар азаматтар дүниеге келген киелі жер, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келгенмін. Сол жерде өсіп-өнгенмін. Сол жердің қасиетті топырағынан дарыған өнер. Мен ғана емес, бауырларымның бәрі өнерлі азаматтар. Біз әулетімізбен өнерге, оның ішінде дәстүрлі өнерге жан-тәнімізбен берілгенбіз.

Ал, менің өнерге деген құштарлығым бала кезден басталды. Бастауыш сыныптан бастап гимнастикамен, бимен айналыстым. Ән де айттым. Ол кезде мектептер арасында фестивальдер көптеп болып тұратын. Сол фестивальдерге, спартакиадаларға қатысып, ән де айттым, би де биледім, жүргізуші де болдым. Мектепте білім алып жүрген кезімізде оқушыларды қандай өнер түріне бәйгеге қосса, соның бәрінде мен жүретінмін. 1988 жылы Жамбыл орта мектебін тәмамдап, Орал қаласындағы Орал мәдени-ағарту училищесінің, хореография факультеті, би бөліміне оқуға түстім. 1989 жылы Оралдағы «Ақжайық» ансамблі қайта құрылып жатқан болатын. Негізі аталған ансамбль 1974 жылдары құрылып, кейін тарқап кеткен екен. Міне, сол қайта құрылған «Ақжайық» ансамблі бишілерінің қатарына қосылдым. Кейін менің даусым бар екенін байқағасын, «Ақжайық» оркестірінің жеке солисті де болдым. Ол кезде 2 курс оқитынмын, сабақ пен жұмысты қатар алып жүрдім.

1991 жылы оқуымды аяқтағасын Қаратөбе ауылындағы Мәдениет үйінде көркемдік жетекші болып қызмет атқардым. Сол жерде қызмет атқарып жүрген кезде еліміздің, ауданымыздың, ауылымыздың мәдениетін дамыту жолында шапқылап жүрдік деп айтсам болады. Ол кезде «Үгіт бригадасы» деген болатын. Олар шабандарға, шөп шауып жүрген еңбекшілерге барып, жер-жерлерді аралап, сол еңбекшілермен бірге еңбектің суығына тоңып, ыстығына күйіп жүріп, көңілдерін көтеру, мәдениетімізді дамыту үшін концерт қоятынбыз. Одан кейін ауылдың жас қыздарын жинап, би ансамблін құрдық. Сол кездері біздің Қаратөбе ауданында туған, үш жүзге ән оздырған Мұхит Мералыұлы бабамыздың 150 жылдық мерейтойы тойланды. Сол мерейтойға мың бұралған қазақ билерін дайындап, би ансамблін алып бардық. Одан кейін Қоскөл фольклорлық ансамблінде әнші болдым. Көптеген жерлерді араладық. Мәскеуге бардық. Ол кезде Мәскеуде арнайы «қазақ мәдениетінің күндері» өтетін. Одан бөлек, Саратов, Самара сынды іргелес мемлекеттерге гастрольдік сапарларға шығып жүрдік.

Кейін Батыс Қазақстан облысында «Жастар шығармашылық орталығы» дейтін үлкен-үлкен концерттер өтетін мекеме болатын. Ол қазіргі таңда «Атамекен» деп аталады. Сол Атамекенде менеджер болып, кейінірек эстрада әншісі болып қызмет еттім. Осы оңтүстікке ауысып келгенше сол мекемеде жұмыс істедім. Қазір ол мекеме үлкен өнер ордасына айналды. Жұмыс істеп жүріп, отбасылық жағдайларға байланысты оңтүстікке бет бұрдық. Алдымен Алматыда болдық. Кейін жаңа облыс болып құрылған Түркістанға келдік. Мұнда Конгресс хол көпсалалы кешеніне жұмысқа орналастым. Сол кездегі басшы Ғалымжан Ерназаров жұмысқа алған еді. Қазір ол кісі облыстық филармонияның басшысы. Осылай оңтүстіктегі жұмысымыз басталды да кетті. Биыл төрт жыл болыпты мұнда жүргеніме. Осы жерде Ғалымжан Ерназаровтың еткен еңбектерін айта кеткім келіп отыр. Ол кісі конгресс холдың ішін дайындап, өнер майталмандарын жинаймын, Түркістанның мәдениетін көтеремін деп көптеген игі істер жасады. Жақсының жақсылығын айту керек деп ойлаймын. Былтыр кастинг ұйымдастырып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен әртістерді шақырды. Кастингтен өткен мықты-мықты азаматтар жұмысқа орналасты. Вокал әншілері, актерлер, ұлттық аспаптарымызда шебер ойнайтын музыканттар, мың бұралған бишілер келді.

– Бүгінгі қызметіңіздің қызықтары мен қиыншылықтары жайлы, алға қойған мақсаттарыңыз жайлы айтсаңыз.

– Аталған кастингтен кейін Конгресс холда «Жаңа леп» жастар ұжымы, «Алқоңыр» этно-фольклорлық ансамблі, «Самғау» би ансамбльдері құралды. Қазіргі таңда осы жастардан құралған ұжым талмай жұмыс істеп жүр. Олар осы Түркістан облысының мәдениетін дамытатын ұлы күш деп айтар едім. Олар Түркістанға жаңа леп, жаңа дем алып келді. Сол жастармен қосылып біз де қайнап жатқан жұмысқа қойып кеттік.

Әрине, алға қойған мақсат көп. Жастардың талантын шыңдауда, оларды халыққа көрсетуге жер-жерден білікті мамандар келді. Мәселен, «Алқоңыр» ансамблінің жетекшісі Еркін Нұрымбетов мықты дирижер, әрі композитор. Көптеген республикалық, халықаралық сайыстардан жүлделі орындар иеленген. Ол да Оралда жұмыс істеп жүрген жерінен Түркістанға келіп,  өзінің партитураларын әкеліп, «Алқоңыр» ансамбліне мастер-класс өткізді. Көптеген ән-күйлерін түсірді. Бүгінде ансамбльдің өзіндік репертуары күн санап көбейіп келеді. «Алқоңыр» – бүгінде облыста сахна төрінен өзіндік орнын алып келе жатқан ерекше ансамбль. Түркістанның барлық дерлік мекемелерінің ұйымдастырған іс-шараларына өз өнерлерін көрсетіп жүр. Сонымен қатар, «Самғау» би ансамбліне де өте талантты, әдемі, өнерлі қыз-жігіттер жиналды. Оларға да қазір ел ордасынан Ислам Анеля деген қызымыз келіп, мастер-класс өткізіп жатыр. Ол кісі 1 айға келді. Ай бойы көптеген жаңа жанрда, жаңа билер шығарып, тәжірибелік алмасулар жүргізіп жатыр.

«Жаңа леп» ансамблінде де өнерлі актер, актриса, әншілеріміз көп. Әртүрлі жанрдағы әртүрлі таланттар жиналған аты айтып тұрғандай «Жаңа лепті» жастар. Біздің міндет осы үш ансамбльді бір-бірімен тығыз байланыстырып, рухани астананың мәдениетіне қал-қадіріміз жеткенше үлесімізді қосу ғой. Қазіргі таңда Түркістанға шетелдік туристер көптеп ат басын бұрып жатыр. Оларды біздің маңдайы жарқыраған өнерпаздарымыз таңдай қақтырып, тамсандырып жатса, ол да үлкен жетістік. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі әр елдің өзіне тән мәдениеті бар екенін, төрткүл дүниеге өзіміздің түбірінен ажырамаған мәдениетімізбен танылатынымызды айтты ғой. Сол мәдениетімізге қарап, біздің қандай ұлт екенімізді, қандай халық екенімізді біледі. Қарапайым біздің ұлттық аспаптарымыздың өзі этно-мәдениетіміздің алтынға айырбастамас қазынасы ғой. Домбыра, сазсырнай, шаңқобыз, қобыз, прима қобыз, жетіген сынды түрлі аспаптардың өзінен талай репертуар тудырып, шетелге көз қылып неге көрсетпеске?! Мұның бәрі біздің Түркістан облысының мәдениетінің дамып келе жатқанының дәлелі.

Тағы бір айта кетерлік жайт, Президентіміз Тәжікстанға барған кезде аталған үш ансамбль, біз де барып үлкен іс-шараға қатысып өнер көрсеттік. Біздің «Алқоңыр» ансамблі үлкен марапатқа ие болды. «Жаңа лептің» салған қазақ әндеріне бүкіл Тәжікстан ғашық болды. Солай көршілес халықтардың ілтипатына бөленіп келдік. Аталған шараға қатысуымызға қазіргі басшымыз Асқар Кенехан мұрындық болды. Одан бөлек, Конгресс холл ұжымы «Көктемдегі кездесу» дейтін мюзикл қойып, бірнеше өңірге гастрольдік сапарға шығып келді.

Менің өмірім осы өнер саласының қазанымен бірге қайнап келе жатыр екен. Түркістан әлі де жарқырай түседі деп сенемін. Жастар әрдайым өз мәдениетін, салт-дәстүрін дамытып, өрлетіп жер жүзіне паш етеді деп ойлаймыз. Осы жолда біздің қандай да бір қосар үлесіміз болса, әрқашан дайынбыз.

Фото: Түркістан облыстық әкімдігі

Tags: «Алқоңыр» ансамблі«Жаңа лепті» жастарТәжікстанТүркістан облысы мәдениет
Jasyn

Jasyn

Next Post
Әрекет еткенге берекет бар

Әрекет еткенге берекет бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Сот шешімімен Қайрат Боранбаев 2 айға қамалды

Сот шешімімен Қайрат Боранбаев 2 айға қамалды

3 года ago
СҚО-да құс тұмауы өршіп жатыр

СҚО-да құс тұмауы өршіп жатыр

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In