• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Нәтиже көрсетпей отырған 11 миллиард теңгелік жоба сенатордың ашуын келтірді

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Нәтиже көрсетпей отырған 11 миллиард теңгелік жоба сенатордың ашуын келтірді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенаттың жалпы отырысында депутат Нариман Төреғалиев Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жүзеге асырылуға тиіс болған «Сырдария және Талап топтық су құбырының құрылысы» жобаларына қатысты проблемаларды көтерді. Осы орайда Үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдің атына сауал жолдады.

Жоба бойынша ауданның 28 елдімекенінде тұрып жатқан 43 мыңға жуық халық ауыз сумен қамтылу керек еді.

Сырдария топтық су құбыры 5,2 млрд. теңге қаржыға салынып, пайдалануға берілді. Ал, Талап топтық су құбырының құрылыс жұмыстарына 5,5 млрд. теңге жұмсалған.

Депутаттың айтуынша, 11 млрд. теңгеге жуық қаражат жұмсалып, 2014 жылдан бастап жүргізілген жобаның түпкілікті нәтижесін халық көрмей отыр. Себебі, Талап су өндіру кешенінде қазылған 8 ұңғымадан құм аралас су шығып жатыр. Сонымен қатар, аталған екі топтық су құбыры сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінің тізбесіне енгізілмеген. Яғни, халық ауыз суға толық тарифпен төлеп отыр.

«Қазіргі таңда ауыз су халыққа күніне 1-2 сағатқа беріліп, уақытпен шектелген. Осы жобалардың толық іске қосылмауы салдарынан тұрғындар ауыз суды аулада орналасқан шахталық құдықтардан немесе кіші ұңғымалардан алып ішуге мәжбүр», – дейді сенатор.

Депутат өз сауалын Премьер-Министрдің орынбасарына жолдай отырып, Талап және Сырдария топтық су құбырларының іске қосылуын жылдамдатып,  Тізбеге енгізіп, субсидиялауға қатысты  мәселелерін шешуге ықпал жасауын сұрады.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы бар ма

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы бар ма

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жастар белсенді болмаса бағдарламалардан нәтиже болмайды

Жастар белсенді болмаса бағдарламалардан нәтиже болмайды

9 месяцев ago
Қаржы пирамидасын құруға қатысқан блогерлер мен вайнерлер жазаға тартылуы мүмкін

Қаржы пирамидасын құруға қатысқан блогерлер мен вайнерлер жазаға тартылуы мүмкін

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In