Аталған азаматша Жамбыл облысының Талас ауданында жергілікті тұрғындарды алдау арқылы бірқатар мүліктік қылмыстар жасаған. Оның заңсыз әрекеттері салдарынан жәбірленушілерге 2 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.
Күдікті өз кінәсін мойындап, оған қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта Талас аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жариялауға жатпайды.
Фото: Жамбыл облысы ПД