• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жас сарбаз жалынды сәлем жолдайды

«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 10 жыл» мерекесіне орай ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Облыстық білім басқармасы және «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті.

by Jasyn
21/11/2024
in • Жастар саясаты
0
Жас сарбаз жалынды сәлем жолдайды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жиында сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Әсілбек Сәбит жастарға тілестігін білдірді.

– Болашағымыздың іргетасы – бүгінгі өскелең жас ұрпақтың қолында екендігі белгілі. Сондықтан, егемен еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін жас буынның тәрбиесі тұнық, елге деген сүйіспеншілігі берік болуы қажет. Соның ішінде, бүгінгі іс-шараның берері мол. Әділдікті ту етіп, адалдықты биік қойған жастарымыздың әрдайым мерейі үстем болсын! – деді Превенция басқармасы басшысының орынбасары.

Түркістан облысының білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ директоры Бақытжан Ешенқұлов сөз сөйлеп, «Адал ұрпақ» еріктілер мектебі клубтарының жас өрендеріне сәттілік тіледі.

Патриоттық тәрбие мен ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында Түркістан қаласы, А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейінде өткен слетке жалпы білім беретін ұйымдардың 9-10 сынып оқушыларынан құралған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері және әскери жетекшісі қатысты.

Түркістан облысына қарасты барлық аудан, қалалардан келген 16 команда екі кезең бойынша сынға түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Түлкібас ауданының клубы, ІІ орынды Түркістан қаласы мен Жетісай ауданының командалары иеленді. Ал ІІІ орыннан Бәйдібек, Сарыағаш, Төлеби аудандарының клубтары көрінді. Жеңімпаз командаларға арнайы кубоктар мен грамоталар беріліп, дайындаған әскери жетекшілеріне Алғыс хаттар табысталды.

Осы тұста айта кету керек, патриоттық тәрбиенің алтын бесігіне айналған — «Жас Сарбаз» қозғалысына 6 жыл толды.

Осы уақыт аралығында қозғалыс тәй -тәй басып буыны бекіп, ел тарихының берік бір бөлшегі болып қаланды. Қанша жастың жүрегінде жарқын болашаққа деген үміт ұшқынын жағып, талай ұрпақтың бойына патриоттық рух берді.

Лайым, «Жас Сарбаз»-дың ғұмыры ұзақ, тамыры терең, бағы баянды болсын!

Әскер тақырыбына қатысты тағы бір қуанышты жаңалық, Ақтау қаласындағы 75488 әскери бөлімшеде Отан алдындағы борышын атқарып жүрген сарбаздар туған жеріне, ата анасына, бауырларына жалынды сәлем жолдады.

Аталған азаматтардың арасында Отырар ауданы Шәуілдір ауылының тумасы Бердібек Нұрдәулет Мұсабекұлы мен Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов ауылының тумасы Айтбек Әділет әскерден елге нағыз ер азамат болып оралатынын айтып, сағынышқа толы сезімдерін жеткізді.

Айта кету керек, елімізде әскерге шақыру науқаны көктем және күз мезгілдерінде өткізілетіні белгілі. Жыл сайын Отырар ауданы бойынша 200-ге жуық сарбаз әскери борышын өтеуге аттанады. Келісімшарт бойынша 30 жасқа дейін әскери қызметке, 32 жасқа дейін офицерлік немесе аға сержант лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік бар.

Ауданда әскерге шақырушыларға жататын азаматтармен және олардың ата-аналарымен әскери борышын өтеу әрбір азаматтың парызы екені туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ, Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен “Әскердегі бір күнім” атты әскери қолданбалы спорт түрілерінен сайыс өткізілді.

Іс шараның мақсаты — өскелең ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялату, дұрыс бағыт-бағдар беру, жастардың туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру және де ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, Отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу болып табылады.

Сайысқа ауданға қарасты 10 ауылдық округтен 10 команда қатысты. Сайысқа қатысушылар 3 кезең бойынша, яғни эстафеталық ойындар, белтемірге тартылу, садақ ату түрлеріне сынға түсті. Әскердегі бір күнім аясында жастарға әскери бөлімнің офицер-тәрбиешілері, әскердег өмір мен тәртіп туралы, сондай-ақ әскери қызметтің жауынгерлік және оқу-жауынгерлік тапсырмалардың өту тәртібі туралы айтып түсіндірді.

​Шара соңында “Дархан” шекара әскери бөлімінің басшы орынбасары, лейтенант Х.Кайдагулов және “Жастар ресурстық орталығы” басшысы А.Әмреқұлұлы болашақ Отан қорғаушыларға жас патриоттарға әрқашан алға қойған мақсаттарына қол жеткізуді, оқуда озат және спортта жеңіске жетуді, салауатты өмір салтын ұстануды, өз елінің нағыз патриоты болуын тіледі.

Сайыс нәтижесі төмендегідей:

І-орын: Қошқарата ауылдық окургінің жастары

ІІ-орын: Абай ауылының жастары

ІІІ-орын: Алпамыс батыр ауылдық округінің жастарына бұйырды.

Сондай-ақ, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жеке тұлғалық даму» тақырыбында Шардара ауданына қарасты «№16 колледжі” МКҚК ғимаратында жастардың қатысуымен семинар-тренинг өтті.

Мақсаты — жастардың бойында көшбасшылық қасиеттерді, алға қойған мақсаттарды жоспарлау және оған қол жеткізу, жеке дарындарды анықтау, кәсіби тұлға болып қалыптасу, шығармашылық даму, артылған сенімді ақтауға және жауапкершілікті сезінуге дағдыландыру болып табылады.

Семинар-тренингті арнайы тәжірибелі психолог Нұржан Сапарханұлы және облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімінің маманы Жансая Өміртаева жүргізді. Семинар-тренинг барысында жастар жеке тұлғалық қалыптасу мен әлеуметтік кәсіпкерліктің қыр-сыры мәселелеріне жан-жақты талдау жасады. Сонымен қатар кездесуге қатысқан белсенді жастар көшбасшылық қасиеттер туралы баяндап, спикерлерге өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түрлі сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Психолог Нұржан Сапарханұлы жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ бір мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігі бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Еңселі еліміздің болашағын жарқын ету жолында аянбай еңбек ететін көшбасшы жастарымыз көп болсын.

Кездесу соңында семинар-тренингке қатысқан жастарға сертификаттар табысталды.

Фото: Түркістан қалалық әкімдігі

 

Tags: - «Жас Сарбаз» қозғалысы«Адал ұрпақ» облыстық слетіжастар саясаты
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жастары мықты ел ертеңіне алаңдамайды

Жастары мықты ел ертеңіне алаңдамайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Баламалы энергия — ел болашағы

Баламалы энергия — ел болашағы

3 года ago
45 маманға 13 млн. 126 мың теңге көтерме жәрдемақы бөлінді

45 маманға 13 млн. 126 мың теңге көтерме жәрдемақы бөлінді

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In