Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің мәліметіне қарағанда 244 стихиялық қоқыс орындары тазартылған, 65 қалдықтарды орналастыруға экологиялық рұқсаты бар орын және 2 жеке меншіктегі орын, 8 жойылмаған қоқыс орындары.
Осы орайда анықталған стихиялық қоқыс орындарын жою бойынша жергілікті арқарушы органдармен жою графигі құрылып, стихиялық қоқыс жою мерзімі 2024 жылдың 21 қазанға дейін бекітілген болатын.
Алайда стихиялық қоқыс орындарын жоймағаны үшін Жуалы ауданының Көлбастау, Ақсай, Нұрлыкент, Көкбастау және Б. Момышұлы ауылдық округтерінің әкімдері, Талас ауданы әкімінің орынбасарына, Қордай ауданының Масаншы және Сортөбе ауылдық округі әкімдері, Байзақ, Жамбыл және Қордай ауданы әкімдерінің орынбасарлары, Тараз қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы облыстық экология департаменті облыстағы аудандардың және ауылдық округтердің әкімдеріне жалпы сомасы 359 мың теңгені құрайтын 12 айыппұл салды.
Департаменттің бастамасы негізінде қазіргі уақытта барлық стихиялық қоқыс орындарының 97 пайызы тазаланған.
Фото: turaninfo.kz