• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Сенатор: көне Сарайшық қаласын сақтау үшін арнайы бағдарлама қажет

by Jasyn
06/03/2024
in Без рубрики
0
Сенатор: көне Сарайшық қаласын сақтау үшін арнайы бағдарлама қажет
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенатор Ғұмар Дүйсембаев көне Сарайшық қаласын сақтау және оны туристік нысанға айналдыру мәселесіне мемлекеттік деңгейде көңіл бөліну керектігін айтып, Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады.

Сенатор 1996-2006 жылдары белгілі археолог Зейнолла Самашевтың жетекшілігімен жүргізілген қазбалардан кейін ХІV ғасырда салынған 40 шақты бөлмеден тұратын кешенді сарай ғимараты ашылғанын, алайда оны музейге айналдыру жұмысы әлі күнге дейін жүргізілмегеніне де назар аударды. Қала үстінде мұсылман зираты және Ескі Сарайшық ауылының жеке меншіктегі жерлері бар үйлер орналасқан. Депутаттың айтуынша, бүгінде Ескі Сарайшық ауылында 90 үй бар. Ауыл тұрғындарын басқа жерге көшіру мәселесі жиі көтеріліп жүргенімен, әлі күнге дейін нақты жұмыстар қолға алынбаған және оған бюджетте қаржы да қарастырылмаған.

«Тарихи ескерткіштің негізгі сұлбасын сақтап, халық игілігіне айналдыру кезек күттірмейтін мәселе. Себебі, Сарайшық қаласының орнын сақтау мүмкіндігі жылдан жылға азая береді. Ортағасырлық шаһардағы қазба жұмыстарына қаржыны бүгінге дейін Атырау облысы әкімдігі бөліп келді. Ендігі жерде республикалық мекеме жұмысына республикалық бюджеттен жоспарлы түрде қаржы бөлу қажет. Айтылғандарды ескере отырып, Сарайшықты сақтап қана қоймай, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және оны туристік аймаққа айналдыру үшін арнайы бағдарлама дайындауды ұсынамыз», – деді Ғұмар Дүйсембаев.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Нәтиже көрсетпей отырған 11 миллиард теңгелік жоба сенатордың ашуын келтірді

Нәтиже көрсетпей отырған 11 миллиард теңгелік жоба сенатордың ашуын келтірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Бейбіт Сейдуалиева анасы қайтыс болған соң, әкесіне екінші жар таңдап бергенін айтты

Бейбіт Сейдуалиева анасы қайтыс болған соң, әкесіне екінші жар таңдап бергенін айтты

3 года ago
Жамбыл облысында 15 спорт кешені салынып жатыр

Жамбыл облысында 15 спорт кешені салынып жатыр

11 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In