• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Қайырымдылық

Ауылды дамытуға үлес қосқан инвесторларға мың алғыс

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылында жеке инвестор есебінен 600 орындық жаңа «Мiras intellectual school» атты мектеп ашылды. Білім ордасының ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев қатысып, ауылды дамытуға өз үлесін қосқан инвесторға алғысын білдірді. Сондай-ақ, аудан басшысы өз сөзінде жаңа мектептің ауылға тек білім беріп қана қоймай, ауылдың әлеуметтік дамуына да серпін беретінін атап өтті.

by Jasyn
18/11/2024
in • Қайырымдылық
0
Ауылды дамытуға үлес қосқан инвесторларға мың алғыс
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа мектепте оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Ғимаратта кең әрі жарық оқу кабинеттері, спорт және мәжіліс залдары, кітапхана, пәндік сыныптар, асхана мен демалыс аймақтары бар. Сонымен қатар, мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары мен өрт қауіпсіздік жүйесі орнатылған. Оқушылардың спортпен айналысуы үшін ашық спорт алаңдары да бар.

Ал, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев Қарасу ауылындағы 57 га аумақтағы 5 қабатты тұрғын үйлерді салуға ниет білдірген жеке инвесторлармен кездесті.

Жиынға аудандық мемлекеттік органдар мен дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты. Мадияр Мұхтарұлы өз сөзінде Сайрам ауданының инвестициялық әлеуетіне тоқталып, бүгінгі жоба назардан тыс қалмайтынын және қолдау көрсетілетінін айтты.

Кеңейтілген мәжілісте аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алибжан Ибрагимов Қарасу ауылындағы 57 га аумақта салынатын құрылыс нысандарына қатысты жоспарларымен бөлісті.

Атап айтқанда, бес қабатты 49 дана тұрғын үй, 280 орындық балабақша, 1200 орындық мектеп, 250 орындық емхана, мәдениет үйі мен «Жастар» сарайы, мешіт бой көтеретінін баяндады. Сондай-ақ, нысандардың инфрақұрылым жүйелерін 2025-2026 жылдары жүзеге асыру жоспарланғанын жеткізді.

Басқосу барысында қос тарап аталмыш жобаны жүзеге асыру барысында атқарылатын жұмыстар мен басты міндеттерді талқылады. Жеке инвесторлар өз кезегінде құрылыс жұмыстарына қатысты жауапкершіліктер бойынша бірлесе жұмыс істеуге оң көзқарастарын білдірді.

Ата-бабамыз қайырымдылық жасау арқылы ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған. «Қайыр бар жерде ырыс бар» деген қайырымдылық жасау арқылы кәсіптерін кеңейтіп, табыстарын тасқындатып жатқандар жетерлік. Яғни, қайырымдылық ісі күн сайын жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Төлеби ауданында тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасыдан шыққан, жетім, мүмкіндігі шектеулі, жартылай жетім оқушылар мен қатар жалғызілікті қарияларға әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Жақсылыққа жаны құмар демеушілер, меценаттар жалғыз басты қарттар мен пробация қызметі есебінде тұрғын отбасы балаларының қыста тоңбауын ойластырып, оларға өз қаражаты есебінен киім-кешектер үлестіріп берді. Жылы күртеше, бас киім, етік, қолғап пен шұлыққа дейін алған балақайлар мен қарттар көмек көрсеткен жомарт жандарға ризашылықтарын білдірді. Көмекке мұқтаж отбасында тәрбиеленіп отырған балалар, жалғызілікті қариялар өз сұраныстарына сай, қысқы киіммен қамтылды. Барлығы 29 отбасыға көмек көрсетілді.

Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз, сондықтан, аудан аумағында қайырымдылық акциясы жыл көлемінде жалғасын табады.

Білім мен ғылым саласын дамытуда ел жастарына үлкен қамқорлықтар мен мол мүмкіндіктер жасалып жатыр. Өйткені, елдің болашағы бүгінгі жастардың қолында. Бәсекеге қабілетті, білімді, кез-келген елмен иық тіресе алатын деңгейге жетулері үшін олардың білім алатын мектептерінің заманауи болуы да үлкен маңызға ие.

Жетісай ауданына арнайы іссапармен келген «KEMELDEN GROUP» ЖШС басшысы Берік Қасымбековты қабылдаған Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов отандық ғылыми-техникалық даму, оқушыларға жаратылыстану-математика пәндері мен ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы, ұрпақ мүддесі үшін оқу-ағарту саласының популистік санадан арылып, балалардың мүддесін қорғауға тиіс екендігі, жеке инвестициялар есебінен заманауи мектептердің санын арттыру мәселелерін кеңінен талқылады.

Екіжақты жүргізілген алдын ала келіссөздердің нәтижесінде «KEMELDEN GROUP» ЖШС басшысы Берік Қасымбеков 2025-2026 жылдары аудан аумағынан 1000 оқушыға арналған 2 мектеп салуға, нақтырағы, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Қызылтаң елді мекенінен жалпы аумағы 2 га жерге 500 орындық, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм елді мекенінен жалпы аумағы 2 га жерге 500 орындық заманауи мектептің құрылысын жүргізетін болды.

Одан бөлек, «OLZHA SMART» ЖШС Жаңа ауыл ауылдық округінің Мырзашөл елді мекенінен жалпы аумағы 1,6 га жерге 320 оқушыға арналған мектеп салынады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, биыл жеке инвестиция есебінен Жетісай қаласынан «ЕРЖИГИТ» ЖШС 420 орындық, «ЛИДЕР» ЖШС 300 орындық 2 мектепті іске қосқан.

Tags: «Мiras intellectual school»жаңа мектепқайырымдылықтұрғын үй
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жастар үшін басты мақсат – ел игілігі үшін қызмет ету

Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ең көп қарыз Алматы қаласының еншісінде

Ең көп қарыз Алматы қаласының еншісінде

4 года ago
Мемлекеттік кірістер комитетінің пилоттық жобасына  10 мыңнан астам такси жүргізушісі тіркелген

Мемлекеттік кірістер комитетінің пилоттық жобасына 10 мыңнан астам такси жүргізушісі тіркелген

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In