• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Мұхтар Жұмағазиев ветеринарлардың жалақысын көтеру керектігін айтты

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Мұхтар Жұмағазиев ветеринарлардың жалақысын көтеру керектігін айтты
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенатор Мұхтар Жұмағазиев жұмыс процесінің төмен деңгейде ұйымдастырылуы, еңбек етуге қарапайым жағдайдың жасалмауы, материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі, жалақының төмендігі ветеринар мамандардың қызмет етуге ынтасының азаюына әсер ететінін айтып, Үкімет Басшысына депутаттық сауал жолдады.

Депутат келтірген ақпаратқа сай, ветеринарлық стансалардың басым көпшілігі мамандардың жеке үйінде, жалға алынған ғимараттарда орналасқан.

Осы саладағы мамандардың орта жасы 50-55, кейде тіпті 59 жасқа жетіп қалғанын ескере отырып, депутат Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының жергілікті деңгейдегі квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту тапсырмасымен ветеринарларды қысқартуды белсенді жүзеге асырылуын сынға алды.

Сенатордың айтуынша, бұл мамандықтың болашағы туралы ақпарат та көңіл қуантпайды. «Болашақ» бағдарламасымен осы салада 12 адам ғана шет елдерде оқыған. Олардың басым бөлігі мамандық бойынша жұмысқа орналаспаған. Елдегі ЖОО ветеринария бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы 2018 жылы 79 пайыз болса, 2020 жылы 50,3 пайызды құраған.

 «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасында қойылған мақсаттарды іске асыру шаралары ешқандай сын көтермейді. Соңғы 5 жылда осы бағдарлама аясында 1875 жас маман жұмысқа орналасқан. Оларға ауылда жұмыс істеуге қажетті жағдай жасалса, қызметтік тұрғын үйлер беріліп, әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылса, материалдық-техникалық база күшейтілсе – кадр мәселесі өз шешімін тапқан болар еді», – деді Мұхтар Жұмағазиев.

Сенатор өз сауалында агроөнеркәсіптік кешен үшін кадр даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша құзыретті Білім және ғылым министрлігінен алып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру қажеттігіне назар аударды. Осы мамандық бойынша ауыл жастары үшін гранттар санын арттырып, ветеринарлардың жалақысын өсіру, олардың материалдық-техникалық жабдықтарын жетілдіру мәселелерінің өзектілігін де атап өтті.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Сенат депутаты ішкі туризмді дамытуға арналған ұсыныстарын айтты

Сенат депутаты ішкі туризмді дамытуға арналған ұсыныстарын айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

В Мойынкумском районе планируется построить ветряную электростанцию мощностью 1 гигаватт.

В Мойынкумском районе планируется построить ветряную электростанцию мощностью 1 гигаватт.

3 года ago
Жәмила Бақбергенова күрестен әлем чемпионатының финалында ұтылды

Жәмила Бақбергенова күрестен әлем чемпионатының финалында ұтылды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In