• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home құқық

Жамбыл облысында балалары түнде қыдырғаны үшін 7 мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен және учаскелік полиция инспекторларымен жұмыс кеңесін өткізді.

бойынша Jasyn
17/11/2024
in құқық
0
Жамбыл облысында балалары түнде қыдырғаны үшін 7 мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды
0
Бөлісу
4
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Ювеналдық полицияның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі — кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты азайту.

— Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдатуды талап етті. Жасөспірімдермен де, оларға қатысты да қылмыс жасалуына жағдай жасайтын қараусыздық фактілерін жою қажет. Ел Президенті жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мәселелеріне де ерекше назар аударды. Балалар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізу керек, — деді Б.Малыбаев.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қолайсыз отбасылық жағдайда тұратын балаларды анықтау және оларға көмек көрсету бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

ПД бастығы азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюдың, халықпен кері байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Ювеналдық полиция инспекторлары кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдастыруға, іс-шараны тәрбие мақсатында өткізуге қатысады.

Жүйелі негізде түнгі рейдтер жүргізу, кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау тапсырылды. Тағы бір ерекше назар аударатын мәселе — ойын клубтары мен ойын-сауық орындары.

2024 жылдың 10 айында полиция қызметкерлері 2214 рейд және алдын алу шараларын ұйымдастырды. Барлығы 12 913 әкімшілік хаттама толтырылды.

Түрлі қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін ішкі істер органдарына 8537 кәмелетке толмаған жеткізілді.

Міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 859 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша 7036 ата-ана жауапқа тартылды, кафелер мен барлардың 202 әкімшісіне 4 млн.288 мың 500 теңгеге айыппұл салынды.

14 млн.80 мың 400 теңгеге 196 дүкен иелеріне жасөспірімдерге алкоголь өнімдерін сатқаны үшін айыппұл салынды.

Tags: Полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ақтөбеде мал қырылған ауылда шектеу шарасы енгізілуі мүмкін

Ақтөбеде мал қырылған ауылда шектеу шарасы енгізілуі мүмкін

4 года бұрын
Более 200 граффити-надписей удалено жамбылскими полицейскими совместно с волонтерами

Более 200 граффити-надписей удалено жамбылскими полицейскими совместно с волонтерами

3 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In