• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

ІХ қысқы Азия ойындарында ел намысын 139 спортшы қорғайды

ІХ қысқы Азия ойындары 2025 жылғы 7-14 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өтеді. Осы жолы жарыстарды Харбин және оның шығысында 200 шақырымда орналасқан Ябули қаласы да қабылдамақ.

by Jasyn
17/11/2024
in Қоғам, Спорт
0
ІХ қысқы Азия ойындарында ел намысын 139 спортшы қорғайды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Атап айтқанда, Харбинде коньки спорты түрлері, шайбалы хоккей мен кёрлинг жарыстары, ал Ябулиде шаңғы спорты, биатлон, шаңғы альпинизмі жоспарланған. ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашев ОКҚ алаңында «Кешенді жарысқа құрлықтағы 32 елден 1147 спортшы қатысады. Олар спорттың 6 түрінен (11 дисциплина — биатлон, тау шаңғысы, кёрлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, сноуборд, фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, ски-альпинизм) 196 медаль жиынтығының иесін анықтайды», – деді.

Айта кетерлігі, 1996 жылы үшінші ақ Азиада да Харбин қаласында өтіп, онда Қазақстан 14 алтын, 9 күміс, 8 қола жүлде жеңіп алған. Бұл жалпы есептегі 2-орын. Жалпы Қазақстан қысқы Азиадаға сол 1996 жылғы ойындардан бері қатысып келеді. Осы аралықта 78 алтын, 62 күміс және 56 қола медаль жеңіп алған.

Еліміздің Ұлттық құрамасы спорттың 6 түрінен 139 спортшы (71 ер, 68 әйел) алып барады. Олар 50 медаль жиынтығына таласады. Биатлоннан — 10 спортшы, кёрлингтен – 12 спортшы, конькимен жүгіру спорты – 20 спортшы, мәнерлеп сырғанау – 4 спортшы, шорт-трек – 12 спортшы, шаңғы жарысы – 12 спортшы, шайбалы хоккей (ерлер) – 23 спортшы, шайбалы хоккей (әйелдер) – 23 спортшы, тау шаңғы спорты – 8 спортшы, фристайл-акробатика – 7 спортшы, шаңғы жарысы – 8 спортшы.

Жоғары нәтижеге қол жеткізетін әлеуетке ие спортшылар қатарында Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Вадим Куралес, Олжас Климин, Константин Борцов, Никита Гридин, Ксения Шалыгина, Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Яна Хан бар.

Жыл басында ойындардың эмблемасы мен талисманы таныстырылды. Бәсекенің бойтұмары — Сібір жолбарыстары Бинбин мен Нини. Эмблема қысқы спорттың бірегейлігі мен рухын көрсетсе, ал бойтұмар мәдени ұқсастық пен жергілікті мәдениеттен хабар береді.

Фото: Eiorda.info

 

Tags: ІХ қысқы Азия ойындарықысқы спортҚытай Халық Республикасы Харбин қаласыЯбули қаласы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысының полицейлері қылмыстық топты құрықтау кезіндегі бейнематериалды көрсетті

Жамбыл облысының полицейлері қылмыстық топты құрықтау кезіндегі бейнематериалды көрсетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

7 жоба бойынша жұмыстар аяқталмай қалды

7 жоба бойынша жұмыстар аяқталмай қалды

3 месяца ago
«Қазақстан халқына» қорын Болат Жәмішев басқаратын болды

«Қазақстан халқына» қорын Болат Жәмішев басқаратын болды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In