• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Экономика

Андрей Лукин: АӨК-ті субсидиялау ережесін қайта қарау қажет

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Андрей Лукин:  АӨК-ті субсидиялау ережесін қайта қарау қажет
0
Бөлісу
1
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Аграрлық салаға бөлінетін субсидиялар тиімсіз және мақсатсыз жұмсалуда. Жалған келісімшарттар жасалып, шындыққа жанаспайтын ақпараттардың берілетіні де жасырын емес. Соның салдарынан қаражат желге ұшып жатыр. Сенатор Андрей Лукин жағдайды жақсарту үшін қазіргі ережелерді қайта қарауды ұсынды. Ол өз ұсыныстарын Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған депутаттық сауалында баяндады.

Сенатордың айтуынша, соңғы 5 жылда жеңілдікпен берілетін несие мен субсидияға 2,9 трлн. теңге бөлінген. Алайда, субсидияны беру механизмі жабық күйде қалып отыр және ережелері де жетілдіруді қажет етеді. Дәл осы себептен бұл салада сыбайлас жемқорлық фактілері жиі тіркелуде.

«2018 — 2020 жылдар ішінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысты 144 қылмыстық іс тергелген екен. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша 57 іс қозғалған. Ал субсидияны жымқыру бойынша 87 сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Салдарынан мемлекетке 2,1 миллиард теңгеден астам шығын келтірілді», – деді Андрей Лукин.

Сонымен қатар Сенат депутаты ұсынылған ақпараттар мен деректердің дұрыстығына тек ауыл шаруашылығы өндірушілері жауапты екеніне назар аударды. Ал жауапты лауазымды тұлғалар шаруалардың өтінімдерін қысқа мерзімде қарап, деректердің толық екеніне ғана көңіл бөледі.

«Осыған орай агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау ережелерін қайта қараған жөн деп есептеймін. Сол арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өтінімдерін тексеру бойынша жергілікті атқарушы органдардың және субсидия төлемдерін жүргізетін жауапты лауазымды тұлғалардың міндеттерін қарастыру қажет», – деді Андрей Лукин.

 

 

Jasyn

Jasyn

Келесі пост
Мұхтар Жұмағазиев ветеринарлардың жалақысын көтеру керектігін айтты

Мұхтар Жұмағазиев ветеринарлардың жалақысын көтеру керектігін айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді

Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді

4 года бұрын
Қазақстанда спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы берілетін төлем бірнеше есеге өсуі мүмкін

Қазақстанда спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы берілетін төлем бірнеше есеге өсуі мүмкін

4 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In