• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Өз арманыңа жету үшін батыл бол

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “BASTAU TALKS” қоғамдық лекциясы аясында 2021 жылы Мәскеуде бокстан әскерилер арасында өткен Әлем чемпионатында алтын медаль иегері. 2023 жылы халықаралық «Elorda Cup» турнирінің чемпионы Абзал Құттыбеков Қазығұрт ауданының жастарымен кездесті.

by Jasyn
15/11/2024
in • Жастар саясаты
0
Өз арманыңа жету үшін батыл бол
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кездесу мақсаты — жас буынға салауатты өмір салтын насихаттау, олардың бойына табандылық, жігер, мақсатқа ұмтылу сияқты қасиеттерді дарыту. Жастардың спортқа деген қызығушылығын, сонымен қатар, дүниетанымы, өзіндік көзқарасы қалыптасқан саналы азамат етіп тәрбиелеу, өз елінің дамуына үлес қосу арқылы отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Абзал Құттыбеков жастармен кездесуінде спорттағы жетістіктерге жетудің маңыздылығы мен оған жету жолындағы қажырлы еңбек жайлы айтып берді. Ол Мәскеуде өткен Әлем чемпионатында әскерилер арасында алтын медаль иегері атанған сәті мен 2023 жылы «Elorda Cup» турнирінде 86 келі салмақта чемпион болу жолындағы қиындықтарын мысалға келтірді. Абзал табысқа жету үшін табандылықтың, тәртіптің және үздіксіз еңбектенудің қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Ол өз жолында көптеген қиындықтарды жеңіп, өзіне деген сенімділікті қалыптастырғанын, сол арқылы жетістікке қол жеткізгенін айтты. Сонымен қатар, ол ел намысын қорғаудың үлкен жауапкершілік екенін айтып, жастарды өз армандарына жету жолында батыл болуға және ешқашан берілмеуге үндеді.

Жиында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің “БАҚ пен қоғаммен байланыс” бөлімінің басшысы Қайрат Ақтөре Мейіржанұлы модераторлық етті.

“BASTAU TALKS” қоғамдық лекциясы – жастар үшін ерекше мүмкіндік. Бұл жоба әр түрлі салада жетістікке жеткен кәсіби мамандарды, талантты жастарды және белсенді қоғам қайраткерлерін жинап, жастардың білім мен тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау. Олардың өмірлік тәжірибесі мен жетістікке жету жолын жастарға үлгі ете отырып, мотивация беріп, дамыту, тың ақпарат алуға бағытталған.

Тағы бір айтары, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жеке тұлғалық даму» тақырыбында Қазығұрт ауданына қарасты «№11 колледжі” МКҚК ғимаратында жастардың қатысуымен семинар-тренинг өтті.

Мақсаты — жастардың бойында көшбасшылық қасиеттерді, алға қойған мақсаттарды жоспарлау және оған қол жеткізу, жеке дарындарды анықтау, кәсіби тұлға болып қалыптасу, шығармашылық даму, артылған сенімді ақтауға және жауапкершілікті сезінуге дағдыландыру болып табылады.

Семинар-тренингті арнайы тәжірибелі психолог Нұржан Сапарханұлы және облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімінің басшысы Кипчакбаева Гүлнұр Бейсенқызы жүргізді. Семинар-тренинг барысында жастар жеке тұлғалық қалыптасу мен әлеуметтік кәсіпкерліктің қыр-сыры мәселелеріне жан-жақты талдау жасады. Сонымен қатар кездесуге қатысқан белсенді жастар көшбасшылық қасиеттер туралы баяндап, спикерлерге өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түрлі сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Психолог Нұржан Сапарханұлы жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ бір мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігі бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Еңселі еліміздің болашағын жарқын ету жолында аянбай еңбек ететін көшбасшы жастарымыз көп болсын.

Кездесу соңында семинар-тренингке қатысқан жастарға сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тұрбат ауыл округіне қарасты «Ақпарақ№1», «Ш.Қалдаяқов», атындағы жалпы білім беретін мектептерінде, балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылық және жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспары негізінде кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасында ерте жүктілік пен жыныстық тиіспеушілікті болдырмаудың алдын-алу мақсатында семинар-тренингтер болып өтті.

Жиынға АПБ-нің ювенальды полиция инспекторы Нурбеков Талғат, Тұрбат ДА психологы, жастар орталығының жастар практикасы бойынша психолог маманы Кәміл Аружан, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары М.Абдуллаева қатысты.

Қыздың намысы мен ары, адамгершілігі оның оқуға, қоғамдық пайдалы істерге, отбасына, құрбы-құрдастары мен ұжымға қарым-қатынасына байланысты. Әрбір қыз балаға ата-анасын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Қыз баланың бойына сыпайылық, мейірбандық, адалдық, сезімталдық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дарытуды халқымыз өте ежелден қолға алған. Қазақ қызы туралы елімізге белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева «Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек» деп пікір айтқан екен. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық.

 

Tags: “BASTAU TALKS” қоғамдық лекциясы«Elorda Cup» турнирінің чемпионы Абзал Құттыбековдарынды жастарТүркістан облысы “Жастар ресурстық орталығы”эрудит
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Қолым май-май болып жүрсе де мамандығымды мақтан тұтамын»

«Қолым май-май болып жүрсе де мамандығымды мақтан тұтамын»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

2 года ago
Жамбылдық тұрғын анасын ауруханаға жедел жеткізген полиция қызметкеріне алғыс білдірді

Жамбылдық тұрғын анасын ауруханаға жедел жеткізген полиция қызметкеріне алғыс білдірді

6 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In