Өрт салдарынан 7 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына байланысты өрт шықпай, көмірқышқыл газымен улану оқиғалары тіркелген жоқ, бірақ оның салдарынан 1 бала қоса алғанда 3 адам зардап шекті. Ағымдағы жылыту маусымының басынан бері көмірқышқыл газымен уланудан адам қазасы тіркелген жоқ, алайда 1 адам жарақат алды.
Осы аптада Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Тараз қаласындағы «MART» сауда орталығында автокөліктердегі өрттердің алдын алу және қауіпсіздікті арттыру мақсатында электромобильдер мен газ жабдықтары орнатылған көліктердегі өрттерді болдырмауға арналған ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша биылғы жылдың 10 айында Жамбыл облысында 146 автокөлік өртену жағдайы тіркелген, оның ішінде 39 оқиға газ жабдықтарымен жұмыс істейтін көліктерде орын алған. Көптеген өрттің негізгі себебі – электр сымдарының ақауы, бұл өз кезегінде профилактикалық шаралардың маңыздылығын және көлік құралдарын уақытылы техникалық тексеруден өткізудің қажеттілігін көрсетеді.
Іс-шара барысында Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік ережелері мен өрт шыққан жағдайда не істеу керектігі туралы нұсқаулық өткізді. Қатысушыларға электр сымдары мен газ жабдықтарының жағдайын тексеру бойынша тәжірибелік кеңестер беріліп, өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелері түсіндірілді.
Фото: Qyzylqoga