Оқиға былай болған… 2024 жылдың мамыр айында дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін жәбірленуші смартфонды дұрыс қолдануды білмегендіктен, сотталушы М.-дан «Kaspi» мобильді қосымшасынан «аудармалар» бөлімін ашуға көмектесуін сұранған.
Жәбірленушінің депозиттік шотында 4 млн. теңгеден астам жинақталған соманы көрген соң сотталушыда қылмыстық ниеті пайда болып, 1 млн. теңгені жасырын түрде «OLIMPBET.KZ» букмекерлік сайтының шотына аударып жіберген.
Осылайша, сотталушы жәбірленушіге жалпы сомасы 1 млн. теңгеге мүліктік залал келтірген.
Сот отырысында жәбірленуші сотталушының 500 мың теңгені қайтарғанын, қалған бөлігін қайтаруға уәде бергенін айтып, соттан жазасын жеңілдетуді сұрады. Сотталушы да өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген.
Осылайша сот үкімімен М. кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілумен, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы, пробациялық бақылау белгілене отырып тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Фото: GOV.KZ