Қазіргі еңбек нарығында жұмыс берушілер көп жағдайда тәжірибесі бар мамандарды іздейді. Ал, Жастар практикасы арқылы жастар өз білімдерін іс жүзінде қолдануға, тәжірибе жинауға және кәсіби ортаға бейімделуге мүмкіндік алады.
Шартай Асемай — Төлеби ауданы, Леңгір қаласында 2003 жылы дүниеге келген. 2024 жылы Шымкент қаласындағы Ә. Қуатпеков атындағы Халықтар достығы университетін “Қазақ тілі, әдебиет пәні” мамандығын аяқтап, қазіргі таңда Леңгір қаласында орналасқан №2 Ш.Уалиханов атындағы ЖББМ-де «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмыс істеуде. Жастар практикасы түлектерге өз әлеуетін ашуға, болашақ мансабында сәттілікке қол жеткізуге үлкен септігін тигізеді.
Сондай-ақ, Созақ ауданында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, өз ісін бастаған жандар қарасы артып келеді. Жоба әсіресе жастардың көптеп кәсіп ашуына қолдау болып отыр. Бағдарлама аясында бірі мал санын асылдандырса, енді бірі халыққа қызмет түрін жандандырып келеді. Мысалы Ғабит үйіндегі көлік тұрағын желімдеу орнына айналдырыпты. Қолынан іс келетін жігіт көппен бірге конкурсқа қатысып өз жобасын қорғап шыққан. Соның негізінде мемлекеттен алған грант қаржысына өзіне қажетті құрылғыларын сатып алыпты.
«Ауылда бірнеше жерде желімдеу орындары бар. Дегенмен бізге керегі сапа. Оның үстіне жылы шыраймен қарсы алғанның өзі жүргізушілер үшін маңызды», дейді ауыл тұрғыны.
Ал, Асылхан Ақберді колледжді бітірісімен ауылға келіпті. Бірден орталыққа құжат тапсырған. Мекемедегілер оған аудандағы Жастар орталығынан жұмыс тауып берді. Заман талабына сай IT-маманы атанған ол қазір сонда еңбек етіп жүр. Алға қойған мақсаты айқын.
Осылайша пилоттық жоба әлеуеметтің әлеуетін арттыруға негіз болып отыр. Дегенмен оған екінің бірі қатыса алмайды. Үміткер арнайы әлеуметтік статусқа ие болуы керек. Оған қоса бизнес жобаның ерекшелігіне де мән беріледі.
Бірден айту керек, Ұлттық жоба әсіресе ауыл жастары үшін қолайлы болып тұр. Өйткені қолына диплом алып, өз мамандығы бойынша жұмыс таппай жүрген жастарға «Жастар парактикасы» көп көмегін тигізіп келеді. Тағы бір жағымды жаңалық — бұл бастамада көптеген жеңілдіктер қарастырылып отыр. Яғни жас ерекшелігі мен диплом мерзімі және оларға мемлекеттен төленетін айлық-жалақы мөлшері де артқан.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында Отырар ауданы тұрғыны Нұрпашова Жұлдыз Құралбайқызы грант қаражатына керекті құрал-жабдық заттарын алып, пахлава және чупа-чупс өнімдерін ашқан. Грантты ұтып алған соң, өз ауыл аймағында өндірісін бастап, халыққа сапалы әрі қол жетімді тәттілерді ұсынуды көздейді. Ендігі мақсаты-пахлава мен чупа -чупс дәстүрлі қазақ және аймақтық дәмдермен үйлестіре отырып, ерекше әрі танымал ету алға қойған басты мақсаты болып табылады.
Құс шаруашылығы — берекелі кәсіптің бірі. Бөдене шаруашылығын дамыту үшін грант алған Онғаров Жандос грант қаражатына бөдене құсын өсіріп, кәсібін дөңгелетуде. Бөдене өте кірпияз, басқа тауық құстар сияқты кез келген жемді қанағат тұтпайды.
Бір ескеретін жайт салқын жерде жұмыртқаламайды. Тұрақты температура 16-18 градус жылы болуы тиіс.
Әйтсе де нарықта бөдене жұмыртқасы көптеген сұранысқа ие. Сондықтан алдағы уақытта құстар санын көбейтсем деген мақсаты бар.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Азаттық ауылының түрғыны Магамедова Шоиста Айбеккызы 2024 жылдың 12 — ші қыркүйек күні Мансап орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, “Мерей” білім орталығына “мұғалімнің көмекшісі” мамандығына жұмысқа жолданған болатын.
Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқаруда.
Тағы бір айтары, бүгінгі таңда акваөсіру (аквакультура) саласы экономикалық тиімді бағыттардың бірі болып табылады. Балық шаруашылығы тек азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құруға және ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етеді. Қайтарымсыз гранттар арқылы балық шабақтарын өндіруді бастау шағын бизнес үшін тиімді шешім болып табылады, себебі бастапқы шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.
Төлебилік Тукубаев Болат балық шабақтарын алудан бастап тауарлы балыққа жеткізуге дейінгі балық өсірумен айналысады. Кейіпкеріміз 2024 жылдың 1 легінде қайтарымсыз грантты жеңіп алған. Болат мырзаның айтуы бойынша шамамен 0.5 кг уылдырықта 20 мың дана шабақ болады екен, өсіп жетілгенше 15 мың шабақ қалады дейді. Өсіп жетіліп сатылымға шыққанша 6 ай уақыт ішінде орта есеппен 700-800 гр көлемге жетеді екен.
Ал, жас кәсіпкер Марданова Злала Қайратқызы — Созақ ауданы, Созақ ауылының тұрғыны. Ол 2023 жылы компьютерлік қызмет көрсету бағытындағы жұмысын жетілдіру үшін мемлекеттен жастарға арналған 2,5 пайыз жеңілдетілген несие алған. Аталмыш бағыт бойынша жас кәсіпкер ауыл тұрғындарына ксерокөшірме, 3х4 сурет, құжаттарды ламинаттау, әртүрлі көрнекіліктер және қосымша egov қызметін көрсетуде.
Жалпы алғанда елімізде 2022 жылдан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 40 мыңға жуық грант беріліпті.
2022 жылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 39 763 грант берілді. Гранттардың жалпы санының үштен бір бөлігінен астамын көп балалы отбасылар алды. Соңғы үш жылда барлығы 38 мың грант беру жоспарланған болатын, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Грант алушылардың санаттары бөлінісінде 16 734 грант көп балалы отбасыларға, 5 142 грант – мүгедектігі бар адамдарға, 3 498 – мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, 1 611 – атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, 1 024 – асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушыларға, 11 754 – басқа санаттарға берілді.
Гранттардың ең көп саны Қызылорда (6,5 мың), Түркістан (6,4 мың) және Жамбыл (4,7 мың) облыстарында, ең аз саны – Ұлытау (286) және Қостанай облыстарында (963) берілді.
Өтеусіз гранттар: мал шаруашылығына – 13 467, өсімдік шаруашылығына – 474, қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын – 9 488, технологиялық жабдықтарды сатып алуға – 15 678, үй-жайды жалға алуға – 656 берілді.
Фото: Qmonitor.kz