• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жастар – жарқын болашақтың бейнесі

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “BASTAU Talks” қоғамдық лекция аясында Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті, журналист, тележүргізуші және спорт менеджері Құрман Нұрсұлтан Амангелдіұлы және “Turkistan.tv” телеарнасының тележүргізушісі Нәрзілда Нұрсұлтан Нұрланұлы жастармен кездесті.

by Jasyn
12/11/2024
in • Жастар саясаты
0
Жастар – жарқын болашақтың бейнесі
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кездесу мақсаты — жастарға тәлім-тәрбие, рухани бағыт-бағдар беру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты белсенді және жауапты азамат етіп қалыптастыру. Сонымен қатар, дүниетанымы, өзіндік көзқарасы қалыптасқан саналы азамат етіп тәрбиелеу, өз елінің дамуына үлес қосу арқылы отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Жиында қоғам белсендісі, блогер Мамыр Олжас Қайратұлы модераторлық етті.

Кездесу барысында спикерлер бірқатар келесі мәселелерді қозғап, жастардың қызығушылығын тудыратын өзекті тақырыптарда әңгіме өрбітті. Кездесуден кейін қатысушылармен сұрақ-жауап алмасып, жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, спикерлерден нақты жауаптар алды.

“BASTAU Talks” қоғамдық лекциясы – жастар үшін ерекше мүмкіндік. Бұл жоба көптеген жетістікке жеткен білікті тұлғалардың өмірлік тәжірибесі мен жетістікке жету жолын жастарға үлгі ете отырып, мотивация беріп, дамыту, тың ақпарат алуға бағытталған. Жастар үшін мұндай кездесулердің маңызы зор. Себебі олар қоғамның болашағын қалыптастыратын жаңа буын.

Сондай-ақ “BASTAU TALKS” қоғамдық лекциясы аясында айтыскер ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Бекарыс Шойбеков пен Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, айтыскер ақын Тұрар Тілеулиев Кентау қаласының жастарымен кездесті.

Бекарыс Шойбеков, елімізге танымал тұлға әрі қоғамдық қайраткер ретінде, жастарға бірнеше маңызды ұстанымдар мен кеңестер берді. Ол қазіргі қоғамда өзгерістер мен даму, өз-өзіңді табу және жауапкершілікке шақыру мәселелеріне назар аударды. “Әрбір жас өзінің іс-әрекетіне жауапты болуы тиіс. Бұл тек жеке өмірде ғана емес, қоғамда да үлкен әсер қалдыруы мүмкін” — деп сөзін аяқтады ақын.

Тұрар Тілеулиев — қазақ қоғамында танымал тұлға әрі жастарға арналған көптеген мотивациялық сөздерімен белгілі, жастарға өз болашақтарын құруда нақты бағыт-бағдар берді. Оның сөздері мен кеңестері жастардың даму мен жетістікке жету жолында берер пайдасы мол болмақ. Сонымен қатар Бекмұрат Анарбаевтің “Ағайынның арасы” атты — жастарға арналған тәрбие мен өнеге беретін, өмірдің маңызы мен қиындықтарын түсіндіретін термесін Тұрар ақын жастарға ағайын арасындағы сыйластық, ынтымақ пен бірлік, үлкендерге құрмет көрсету, қиыншылықтарды бірге жеңу сияқты құндылықтарды дәріптеу мақсатында орындап берді.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “BASTAU Talks” қоғамдық лекция аясында “Dauletten” қорының басшысы Жасұлан Бостандықұлы, талантты ақын, филолог Айдар Сейдәзім мен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары волонтерларының жетекшісі, “Қазақстан жастары конгресінің” атқарушы директоры Бақдәулет Жанділдаев Сауран ауданының жастармен кездесті.

Жасұлан Бостандықұлы “Dauletten” қоры арқылы жастарды әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық бастамаларға қатыстыру, білім беру және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мүмкіндіктері туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Айдар Сейдәзім өзінің ақындық және филолог ретіндегі тәжірибесін жастармен бөлісіп, шығармашылық ізденістің мәні, қазақ әдебиетіне үлес қосу және жастардың тілдік мәдениетке қызығушылығын арттыру туралы сөз қозғады.

Бақдәулет Жанділдаев волонтерлік қызметтің маңызы, көшбасшылық қабілеттерді дамыту жолдары және халықаралық деңгейде волонтер болудың мүмкіндіктері туралы әңгімелеп, жастарды қоғамдық белсенділікке шақыруы ықтимал. Сонымен қатар, “Қазақстан жастары конгресінің” жұмысы, жастардың мемлекет деңгейіндегі рөлі туралы пікір алмасты.

Кездесу мақсаты — жастарға тәлім-тәрбие, рухани бағыт-бағдар беру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты белсенді және жауапты азамат етіп қалыптастыру. Сонымен қатар, дүниетанымы, өзіндік көзқарасы қалыптасқан саналы азамат етіп тәрбиелеу, өз елінің дамуына үлес қосу арқылы отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Кездесу барысында спикерлер бірқатар келесі мәселелерді қозғап, жастардың қызығушылығын тудыратын өзекті тақырыптарда әңгіме өрбітті. Кездесуден кейін қатысушылармен сұрақ-жауап алмасып, жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, спикерлерден нақты жауаптар алды.

Тағы бір айтары, жастардың тарихи дүниетанымын қалыптастыру мақсатында Жүйнек ауылдық округі «ZANGAR-M» мектеп- интернатының қолдауымен жастарға Бәйдібек ауданында орналасқан Ақмешіт үңгірі және Домалақ ана кесенесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Бұл сапар жастарға ата-баба тарихын сезінуге, рухани байлығын тереңінен тануға мүмкіндік берді.

Жастар осындай қасиетті мекендерде тарих пен мәдениетіміздің терең тамырларын түсініп, қазақ халқының бай мұрасына деген құрметін арттырды.

Сапар арқылы жастар тарихи құндылықтарды тереңінен сезініп, болашақ ұрпақтың рухани дамуында маңызды рөл атқаратынын түсінді.

Бәйдібек ауданының тарихи орындарына саяхат жастардың білімін арттырып қана қоймай, олардың елге деген сүйіспеншілігін, ұлттық рухын күшейтуге ықпал етті. Еліміздің бай тарихын тереңірек зерттеуге ұмтылған жастардың жарқын болашағына сенім мол!

Жастар арасында қоғамдық келісімді сақтау – қоғамның тұрақтылығын, бірлігін және дамуын қамтамасыз етудің маңызды негіздерінің бірі. Осы орайда, Түркістан қаласы ішкі істер басқармасының қызметкерлері мен жастар орталығының қызметкерлері бірлесіп, қаладағы ЖОО мен ОАОО жатақханаларындағы жастарға этнос аралық татулықты сақтау мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларды қоғамдағы өз рөлін түсінуге баулу да – маңызды қадамдардың бірі.

Қорыта айтқанда, жастар арасында қоғамдық келісімді сақтау үшін ынтымақ, достық, құрмет және өзара түсіністік принциптерін ұстану керек. Бұл қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің болашағына деген сенімді арттырады.

Фото: Түркістан жастары ресурстық орталығы

 

 

 

Tags: “BASTAU Talks” қоғамдық лекцияжастаржастарға мотивацияТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Шуда тойды ертерек бастаған той иелеріне сыйлық беріледі

Шуда тойды ертерек бастаған той иелеріне сыйлық беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Біздің жастар барлық істе белсенді

Біздің жастар барлық істе белсенді

7 месяцев ago
4 жылда бірде-бір қылмыс болмаған: Жамбыл облысының ауылдары алкогольден толық бас тартты

4 жылда бірде-бір қылмыс болмаған: Жамбыл облысының ауылдары алкогольден толық бас тартты

11 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In