Түркістан облысы Жетісай ауданына арнайы іссапармен келген «KEMELDEN GROUP» ЖШС басшысы Берік Қасымбековты қабылдаған Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов отандық ғылыми-техникалық даму, оқушыларға жаратылыстану-математика пәндері мен ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы, ұрпақ мүддесі үшін оқу-ағарту саласының популистік санадан арылып, балалардың мүддесін қорғауға тиіс екендігі, жеке инвестициялар есебінен заманауи мектептердің санын арттыру мәселелерін кеңінен талқылады.
Екіжақты жүргізілген алдын ала келіссөздердің нәтижесінде «KEMELDEN GROUP» ЖШС басшысы Берік Қасымбеков 2025-2026 жылдары аудан аумағынан 1000 оқушыға арналған 2 мектеп салуға, нақтырағы, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Қызылтаң елді мекенінен жалпы аумағы 2 гектар жерге 500 орындық, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм елді мекенінен жалпы аумағы 2 гектар жерге 500 орындық заманауи мектептің құрылысын жүргізетін болды.
Одан бөлек, «OLZHA SMART» ЖШС Жаңа ауыл ауылдық округінің Мырзашөл елді мекенінен жалпы аумағы 1,6 гектар жерге 320 оқушыға арналған мектеп салынады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, биыл жеке инвестиция есебінен Жетісай қаласынан «ЕРЖІГІТ» ЖШС 420 орындық, «ЛИДЕР» ЖШС 300 орындық 2 мектепті іске қосқан.
Елге жақсылық, қайырымдылық жасаудың сан түрлі жолы бар. Соның бірі воленторлық деп айтсақ болады.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті Түркістан қаласының статистика басқармасының басшысы Ренат Абдихадырович Ибрагимов бүгінгі таңда бос уақытында белсенді волонтерлік қызметпен айналысады.
Бұл ретте, Р. Ибрагимов Түркістан облысы бойынша көптеген қайырымдылық іс-шараларға қатысып, ұйымдастырады.
Атап айтқанда, мүгедек жанға үй салып берген; мешітке қаржылай көмек көрсетіп, мешіт ауласын тазартып тұруға көмектеседі; жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға республикалық спорт жарыстарына қатысу үшін қаржылай көмек; ауыл футбол командасына қаржылай көмек; көптеген ауыр сырқаттанған ауыл тұрғындарына ота жасатуға қаражат жинап көмектескен және де табиғи апаттар орын алған жағдайларда белсенділер қатарында көмек қолын созған.
Ренат Абдихадыровичтың жалпы еңбек өтілі 14 жылдан астам, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 8 жылға жуық.
Осындай азаматтардың мемлекеттік қызметтегі еңбегімен қатар қоғам игілігі үшін жасап жатқан белсенді волонтерлік қызметі басқа да азаматтардың осындай қызметтермен айналысуына ықпал етіп, үлгі болатыны анық.
Қарттарымызды ардақтау – халқымыздың маңызды дәстүрі. Олар өмір жолындағы ақыл-кеңестерін бізге береді, өткеннің тарихын сақтап, ұрпаққа үлгі көрсетеді. Қарттарға қамқорлық көрсету – олардың өмірін жеңілдетіп, қоғамда олардың қадір-қасиетін арттыру арқылы жас ұрпақтың рухани байлығын байытады.
Жақында Түркістан қаласының ерікті жастары Евдакимова Рая апаның үйіне барып, үй шаруасына көмек көрсетті. Өз кезегінде кейуана көмек қолын созған жастарға ризашылығын білдірді. Жалпы алғанда қарттарымыздың әрбір сөзі мен қадамы біздің болашағымызға бағыт сілтейді, сондықтан оларға құрметпен қарап, күнделікті өмірімізде олардың ұлағатты сөздерін ұмытпау қажет.
Биыл Түркістан облысында 90 көпқабатты үй салынып жатыр. Қашанда көне қалада қанша үй салынса да әлеуметтік осал топтағы жандардың жағдайы ешқашан ұмыт қалған емес.
Мысалы, салынып жатқан 90 үйдің 12-сі халықтың әлеуметтік осал тобы мен көпбалалы отбасыларға жалға, ал қалған 78-і несиеге беріледі деп жоспарлануда. Жалпы алғанда Түркістан облысы бойынша бүгінде 42 883 азамат үй кезегіне тұр. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдаймен салыстырғанда, 10,4 пайызға көп. Оның ішінде Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға 13 мыңнан астам адам үмітті.
Көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасылар енді «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша үй ала алады. Небары 2%-бен берілетін жеңілдетілген ипотеканы алу үшін 26 мамырға дейін «Отбасы» банкіне өтініш беру қажет.
Жыл басынан бері «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша «Отбасы банкінің» қарауына 1269 отбасы өтініш білдірген, оның 453-і көпбалалы, 376-сы толық емес және 94-і мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар.
Қайырымдылық – асыл қасиет. Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шорнақ ауылдық округінде жастардың бойына адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін сіңіру мақсатында «Қайырымдылық — асыл қасиет» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Шорнақ ауылдық округінің ерікті жастарының қатысуымен “Дервиш-Әли” мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Қыздар мен ұл жігіттер даладағы қоқыстар мен ағаш жапырақтарын тазалауға көмектесті. Дервиш-Әли мешітінің бас имамы Б. Акауов еріктілерге ақыл-кеңесін айтып, алғысын білдіріп бата берді.
Қайырымдылық акцияның мақсаты өскелең ұрпақтың бойына қамқорлық, үлкенге деген сыйластық сынды ізгі амалдарды сіңіре білу.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс.
Дәл осылайша Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жаңа Иқан ауылдық округінің ерікті жастарының қатысуымен қарт кісіге қолқабыс жасалып, көмек көрсетілді.
Фото: BAQ.KZ