Жарысқа әлемнің 14 елінен 1500 адам қатысып, марафон бағыты Тараздың орталық көшелерінде өтті. Ең үлкен қатысушы 82 жаста болса, ал ең жас қатысушы небәрі 10 жаста.
Жарыс “Көне Тараз” алаңынан басталды. Ары қарай қаланың көрнекті жерлері: Тұрар Рысқұлов саябағы, “Mart” сауда орталығы, Орталық стадион, Асқар Тоқпанов атындағы драма театры, Қайрат Рысқұлбеков саябағы, Х. Тарази мешіті, К.Әзірбаев филормониясы және Тұңғыш Президент паркі арқылы өрбіді.
Жарысты 10-14 жас аралығындағы 3 км қашықтыққа жүгірген балғындар бастады.
Ерлер арасында 10 км қашықтыққа жүгіріп, 31 минут 18 секунд үздік нәтиже көрсеткен қазақстандық Разимжан Келманов жеңімпаз атанды. Күміс пен қоланы отандастарымыз Нұрысбек Сексембай мен Алексей Гусаров жеңіп алды.
Әйелдер арасында 36 минут 9 секундта аяқтаған Дана Гусарова басым болды. Екінші және үшінші орындарды Ольга Сердюкова мен Дарья Бычкова иеленді.
Фото: Тараз қаласының әкімдігі