Ведомство таратқан ақпаратқа қарағанда, 2024 жылдың қазанында ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен қатысушылары есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетінің жолын кескен.
«Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында 14 кг-дан астам гашиш пен 42 кг марихуананы сатуға әрекеттенген екі Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды»,- делінген ақпаратта.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сондай-ақ, комитет Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтындығын айтты.
Фото: Almaty.tv