• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Таразда жекеменшік мектеп лицензиясыз жұмыс істегені үшін сотқа берілді

Таразда жекеменшік мектептердің бірі лицензиясының болмауына байланысты бірінші оқу тоқсанынан кейін жабылғаны туралы әлеуметтік желілерде хабар тараған болатын.

by Jasyn
08/11/2024
in Әлеумет, білім
0
Таразда жекеменшік мектеп лицензиясыз жұмыс істегені үшін сотқа берілді
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ата-аналар балалардың оқу ақысын төлеп қойса да бұл білім ошағының оқушылары бірінші тоқсанды қорытындылай алмай, оқу процесі бұзылған.

Ата-аналар «Бұл өрескел жағдай. Үш ай лицензиясыз жұмыс істеген мектеп кенеттен жұмысын тоқтатып, 250 оқушының үлгерімі расталмай қалды», — деп шағымданды.

Олар енді бұл оқу процесінің бұзылуы орта мектеп оқушылары үшін (9-11 сыныптар) ҰБТ-ға дайындыққа әсер етуі мүмкін екенін айтады.

Жамбыл облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті осы мәселеге қатысты жауап берді.

«Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан «Innoverse School Taraz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабының 4 тармағына сәйкес 2024 жылдың 10 қазанында әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылып 15 АЕК (55380 теңге) айыппұл салынды. Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігі бойынша білім беру қызметіне лицензия немесе лицензияға қосымша алмай жұмысын бастағаны үшін 2024 жылдың 10 қазанда әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылып, 2024 жылдың 14 қазанда Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Бүгінгі күнге Әкімшілік іс сот қарауында» делінген хабарламада.

Фото: Прикаспийская коммуна

Tags: "Innoverse School Taraz"Жамбыл облысының білім саласыжекеменшік мектеплицензиясыз жұмыс істеген мектептараз
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылда сақтау мерзімі өткен медициналық препараттар мен бұйымдар анықталды

Жамбылда сақтау мерзімі өткен медициналық препараттар мен бұйымдар анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстандағы тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды

Қазақстандағы тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды

4 года ago
“Тегін жалдағандай күйде боламыз»: Қазақстанда такси арзандай ма?

“Тегін жалдағандай күйде боламыз»: Қазақстанда такси арзандай ма?

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In