• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жетісай жастары – қоғамның жанашыры

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.

by Jasyn
07/11/2024
in • Жастар саясаты
0
Жетісай жастары – қоғамның жанашыры
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ және “Қоғамдық келісім” КММ-нің аудандық филиалының қызметкерлері жалғызбасты қартқа көмек көрсетті. Іс-шараның мақсаты — қоғамда мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, достық, бірлікті нығайту.

Шара барысында қарияның үйіне барып тазарту жұмыстары жүргізілді. Жастар үй ауласын тазартып, сырттың жұмыстарын жасап көмек берді.

Жетісай аудандық «Жастар ресуртық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан жастары арасында «Дүйсенбілік футбол» спорттық шарасы өткізіліп келеді. Жастарға патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлер арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған шара Жетісай қаласындағы “Хамза” жабық спорт кешенінде өтті.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен футболдан мұндай жолдастық кездесуді алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ, «Салауатты ұлт -салауатты ұрпақ» атты ұранмен волейболдан жастар арасында Жетісай ауданының біріншілігі бастау алған болатын.

Әуесқой волейбол командалары арасында өтіп жатқан Жетісай ауданы біріншілігінің І кезеңі аясында кезекті ойын өткізілді.

Спорттық шараның мақсаты — жастардың спортқа деген қызығушылығын одан әрі шыңдап, отандық волейбол деңгейін арттыру, ұрпақтар сабақтастығын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында волейбол спортына деген қызығушылықты арттырып, аға буын өкілдерінің ізін басқан жас спортшыларға тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби біліктіліктерін үйрету.

Командалар арасында өзара тартысты өткен ойындар төрешілердің бекіткен ережесіне сай айналма ойын үлгісінде өтеді. Үстіміздегі жылдың қараша айында нүктесі қойылатын біріншілік әр айдың соңғы жексенбісінде өткізіліп отырады.

Және Жетісай аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Ұстаз — ұлық есім, ұлы тұлға” атты тақырыпта ауданның жас ұстаздары арасында пікірсайыс турнирі өтті.

Пікірсайыс турнирінің мақсаты — жастардың ораторлық қабілетін, сөз шеберлігін, белгілі бір фактілерді зерттеуге, өз көзқарасын жүйелі түрде дәлелдеуге және бағытын дұрыс ұсынуға үйрету, ұстаздардың білім саласын дамытуға қосатын үлестерін айқындау және көшбасшылық қабілеттерін дамыту.

Аудандық пікірсайыс турниріне Жетісай аудандық білім бөлімінің әдіскері Бағдәулет Нұрасаров, аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің мамандары және аудандық “Жалын” дебат клубының мүшелері қатысты.

Сайысты “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің маманы Нұрсұлтан Беркін ашып, турнирге келген жас ұстаздарға сәттілік тіледі.

Жетісай қаласындағы “Тұран” мектеп-гимназиясында өткен турнирге аудандағы 44 мектептен барлығы 44 фракция, 90-ға жуық жас ұстаз қатысты. Олар іріктеу кезеңдеріне берілген тақырыптарды талқылап, турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алу үшін өзара мықтыны анықтады.

Іріктеу кезеңінен өтіп, финалдық кезеңге жолдама алған фракциялар өздерінің ұтымды ойларымен ерекше ойын өрнегін көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді. Өздеріне берілген тақырыпты жан-жақты зерделеп, финалдық пікірталас майданында өз ойларын анық қорғап шықты.

Тартысты ойын нәтижесінде:

І орын – “Ғ.Мұратбаев” фракциясы, Ғ.Мұратбаев ЖББМ,

ІІ орын – “Фемида” фракциясы, М.Горький мектеп-гимназиясы,

ІІІ орын – “Бастау” фракциясы, “Жеңістің 50 жылдығы” ЖББМ ие болды.

Барша жеңімпаз командалар аудандық білім бөлімінің басшысы Ш.Адайбековтің атынан арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сый-сияпаттарға ие болды. Сондай-ақ сайысқа белсене қатысып, ұтымды пікір білдірген қатысушылар “Үздік ойыншы”, “Үздік спикер”, “Үздік сөз шебері” номинацияларымен марапатталды. Ал пікірсайысшыларға әділ-қазылық жасаған барша төрешілер “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысының Алғыс хаттарымен марапатталып, құрметке бөленді.

Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен “ жас отбасылар арасында «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» атты аудандық жас отбасылар сайысы өтті. Сайысты Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Аханқызы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тілеп, отбасын нығайтудағы спорттық іс-шаралардың рөлі туралы атап өтті.

Жас отбасылар арасында отбасылық құндылықтарды, отбасы мүшелерінің спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген спорттық іс-шара 4 кезеңді қамтыды.

Атаулы сайысқа 4 отбасы қатысып, өзара бақ сынасты. Командалар өз шапшаңдықтарымен сайысқа белсене қатысып, жеңімпаздарды анықтады.

Сайыс нәтижесінде:

І орын — “Сұңқар” командасына,

ІІ орын — “Барыс” командасына

ІІІ орын — “Жігер” командасына бұйырды.

Сайыс жеңімпаздары мен қатысушыларға арнайы дипломдар мен қаржылай сертификаттар табысталды.

Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен «Ойдода» интелектуалды ойыны болып өтті.

«Ойдода» интеллектуалды ойынына аудандағы орта арнаулы оқу орындарынан барлығы 8 команда қатысты. Білім сайысына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Аханқызы арнайы қатысып, барша қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Жастарды білімді, жан-жақты болуға баулу, білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру мен көшбасшылық қабілеттерін ояту мақсатында ұйымдастырылған білім сайысында логикалық ойлау қабілеті сыналды.

Ойын мына 4 кезең бойынша ұйымдастырылды:

І кезең — Қазақстан тарихы

ІІ кезең — Әлем тарихы

ІІІ кезең — Қызықты логикалық сұрақтар

IV кезең — Күрделі логикалық сұрақтар

Қызықты да тартысты ойын нәтижесінде:

І орын — “Лидер” командасы (Жанықұл мед.колледжі)

ІІ орын — “Алаш” командасы (Жанықұл)

ІІІ орын — “Ғ.Мұратбаев жастары (Ғ.Мұратбаев колледжі)

Сайысқа белсене қатысқан командаларға арнайы дипломдар мен сый-сияпат табыс етілді. Жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

 

Tags: "Дүйсенбілік футбол" спорттық шара«Жастар ресурстық орталығы»қамқорлықТүркістан Жетісай ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қырғыздың Бас консулы мен Жамбылдың бас полицейі не үшін кездесті?

Қырғыздың Бас консулы мен Жамбылдың бас полицейі не үшін кездесті?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазандағы қанды оқиғадан кейін Жамбылдағы мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Қазандағы қанды оқиғадан кейін Жамбылдағы мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

4 года ago
Astana LRT ісі: Іздеу салынған Ардан мен Сұлтанбековке елордаға келуге 24 сағат берілді

Astana LRT ісі: Іздеу салынған Ардан мен Сұлтанбековке елордаға келуге 24 сағат берілді

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In