Бұл республикалық көрсеткіштің 71 пайызы. Биылғы 9 айда Түркістан облысындағы жылыжайларда 150 мың тонна көкөніс жиналып, маусымаралық кезеңде жергілікті өніммен республика халқы қажеттілігін 42 пайызға қамтамасыз етті.
Өнеркәсіптік жылыжайларды дамыту бойынша бүгінгі таңда 602 гектар алқапты қамтитын 3 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде жаңадан 6 150 жұмыс орындары құрылып, жылыжайлардан қосымша 180 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.
Бұл өз кезегінде республика халқын маусымаралық кезеңде жылыжай өнімдерімен 100 пайыз қамтамасыз етуге мүмкіндік ашады.
Фото: Түркістан облысының әкімдігі