Оның ең көбі Тараз қаласында, облыс орталығында 52 нысан «қызыл сызықтан» өтіп кеткен. Енді осы 93 нысанның 51-іне шара қолданылса, 38 сауда дүңгіршектерінің құжаттары рәсімделген. Қалған 4 нысанның 2 нысанына сот органының бұзу туралы шешімі шыққан.
Нақтырақ айтсақ, Тараз қаласындағы Желтоқсан көшесі №118 кафеге қосымша құрылыс және Абай даңғылы 135 «А» мекен-жайында орналасқан сауда дүңгіршектері. 2 нысан бойынша талап арыз сот органында қаралуда. Бұлар — Абай даңғылы мен Байзақ батыр көшесінің қиылысындағы косымша асхана құрылысы және Абай даңғылы «Самарқанд» кафесіне қарама-қарсы орналасқан құрылыс нысаны.
Жалпы алғанда Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынының 2024 жылдың 21 маусымдағы шешімімен Тараз қаласы әкімінің талап-арызы қанағаттандырылып, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 135 «А» мекенжайында заңсыз қызыл сызықта орналасқан сауда дүңгіршек құрылыстарын өз есебінен бұзуға міндеттелген. Аталған сот шешімі заңды күшіне еніп, атқару парағы бойынша Жамбыл облысының Әділет департаментінің сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімімен жауапкер С.Садыбековке сауда дүңгіршектерін бұзу бойынша атқару өндірісі қозғалған.
Сондай-ақ, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынының 2024 жылдың 17 шілдедегі шешімімен Тараз қаласы әкімінің талап-арызы қанағаттандырылып, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №118 мекенжайы бойынша өз бетінше қызыл сызықта соғылған қайта жаңартылатын кафе ғимаратына 2-ші қабаттың құрылысы мен жапсарлас құрылысты өз есебінен бұзуға міндеттелген.
«Осы қызыл сызық нормаларын бұзған нысандарға біздің басқарма тарапынан жыл сайын мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады. Мониторинг жүргізу барысында, Тараз қаласы мен аудандарға қарасты елді мекендерде қызыл сызық нормаларын бұзу фактілері жиі кездесіп келеді. Яғни, Тараз қаласы мен аудан әкімдері алдын ала зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сәулет және қала құрылысы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету қажет» дейді бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаев.
Фото: Facebook