• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Біздің жастар барлық істе белсенді

Елімізде мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекет басшысы жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында да жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі.

by Jasyn
06/11/2024
in • Жастар саясаты
0
Біздің жастар барлық істе белсенді
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өйткені, жастар қоғамның ең белсенді мүшесі, қоғамның қозғаушы күші ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Бүгінгі жастар білімді, саналы, патриоттық рухы мол, еңбекқор болуы керек. Өйткені олар – еркін елдің ертеңі. Жалпы, елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік жастар саясатының да негізгі мақсаты осы. Сол себептен біздің жастар да көкейдегі ойын еркін жеткізіп, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жолында ынталанып, болашаққа нақты мақсат қоюда. Және біздің жастар барлық істе белсенді.

Түркістанда облысы әкімінің кубогына арналған «Пікірсайыс — көшбасшылар алаңы» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнир облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орындары студенттері арасында ұйымдастырылды. Екі күнге созылған АПФ және LD форматтарында өткен турнирге Алматы, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан жалпы 28 фракция қатысты.

Нәтижесінде бас жүлдеге Түркістан облысының «Кенесары» фракциясы ие болып, 1-орынды Алматы облысынан келген «Айшуақ хан» командасы иемденді. Жүлделі 2-орынды Шымкент қаласынан келген «Жәңгір хан» фракциясы иеленсе, 3-орынды шымкенттік «Есім хан» командасы жеңіп алды. Жоғары деңгейде өткізілген республикалық турнир жеңімпаздарына арнайы алғыс хаттар, қаржылай сыйлықтар мен кубок табысталды.

Ал, Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» этнос өкілдерінің қатысуымен «Кім білгір?» интеллектуалды ойыны өтті. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылған шарада әр түрлі ұлттың жастары белсенділік танытты. Ашылу салтанатында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев сөз алып, жиынның маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар мақал-мәтелді жалғастыру, жұмбақтың жауабын табу және көнерген сөздердің мағынасын айту сынды үш кезеңде бақ сынады.

Нәтижесінде жүлделі 1-орынды Кентау қаласының құрамасы иеленсе, 2-орын Төлеби ауданына бұйырды. Ал, 3-орынға «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің командасы ие болды. Осылайша өңірдегі этнос жастары сайыста өз белсенділіктерін танытты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Астана қаласында 28 қазан мен 3 қараша аралығында Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Роза Мұқанованың драматургиясына арналған «ТЕАТР АLL» III халықаралық театр фестивалі өтті. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен фестиваль мақсаты – көрермендерді жазушы-драматург Роза Мұқанованың шығармашылығымен таныстыру, халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайту және театр өнеріне жаңа серпін беріп, өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау. Оған Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстанның театр ұжымдары қатысып, астаналықтарға үздік туындыларды тарту етті.

Түркістан музыкалық драма театры аталған фестивалге режиссер Фархад Молдағали сахналаған «Фариза» қойылымымен қатысты. Қазылар алқасының шешімімен «Үздік қойылым» деп танылып, гран-при иегері атанды. Осылайша театр ұжымы кезекті жеңісіне қол жеткізіп, 1 млн теңге қаржылай сыйлыққа ие болды.

Айта кетейік, қойылым үш жылдан бері Түркістан музыкалық драма театрында көптің сұранысына ие болып келеді. «Фариза» спектаклінің басты идеясы – өрелі ақын, қоғам қайраткері, елімізге танымал тұлғаны халыққа терең таныту, қоғамды әдеби-мәдени байлықпен сусындату, жастардың интеллектуалдық белсенділігін дамыту, театр сахнасында техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көрерменнің қызығушылығын арттыру. Фариза Оңғарсынованың өмірі мен өлеңі туралы пьесаны драматург Роза Мұқанова жазған.

Ал, Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаевтың Жібек жолы ауылына арнайы бекіткен сауықтыруға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жақсы келін – ырысың» атты жас келіндер арасында байқау өтті.

Аталған шараға ауданның 10 келіні қатысып, аспаздық шеберліктері, қамыр илеп, нан жаю, «Аялулы ана» бала жұбатуға арналған ғұрыпты әндерді орындау, «Ісмер келін» қолөнер шеберлігі, «Білгенге маржан» сұрақ -жауап тақырыптарындағы тапсырмалар бойынша өнерлерін ортаға салды. Аса дайындықпен келген келіндер сайыста ерекшеліктерімен жұртты сүйсіндіріп, көптің көңілінен шықты

Байқаудың қорытындысы бойынша:

-І орынды Қасымбек Нағима,

-ІІ орынды Ахмет Аяулым,

-ІІІ орынды Елемес Баян қанжығасына байлады.

Байқауға қатысушы Б.Қайықбаева «Ибалы келін», Ф.Кумекова «Тапқыр келін», С.Шалабаева «Өнерлі келін», А.Байсейтова «Шебер келін», Ғ.Пернебек «Көрікті келін», Б.Срайлова «Дана келін» Б.Шералиева «Бармағынан бал тамған келін» номинацияларын иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы З. Хамзаева құттықтап, бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыстады.

Айта кетсек, байқаудың мақсаты – қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жастар арасында кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту.

Отбасының ұйытқысы болған жас келіндерді ақылдылық пен парасаттылықтың, инабаттылықтың үлгісі ретінде өскелең ұрпаққа көрсету.

«Таза Қазақстан» экологиялық сенбілігі еліміздің барлық аймағында қарқынды өткізіліп келеді. Жақында Шардара ауданының №16 Колледж «Ашық жүрек» студенттерінен құралған еріктілер клубы және ауданның ерікті жастары Сырдария су қоймасының жағалауына сенбілік өткізді. Тазалық барысында 150 еріктімен 8 техника қатысып жағалаудан 55 тоннаға жуық тұрмыстық күл қоқыстар шығарылды.

2024 жылдың көктем маусымынан аудан әкімі А.Қарсыбаевтың бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық санитарлық тазалықты қатаң сақтау мақсатында қала, ауыл және елді мекендерде 30750 ге жуық аудан тұрғындарымен мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен апта сайын тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылып, 576 тонна тұрмыстық қалдықтармен арам шөптерден тазаланды.

 

Фото: Түркістан облыстық әкімдігі

 

 

Tags: «Пікірсайыс - көшбасшылар алаңы» атты республикалық пікірсайыс турнирі«ТЕАТР АLL» III халықаралық театр фестиваліәкімінің кубогыжастарТүркістан
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Жасалып жатқан жұмыстарда көзбояушылық көп»

«Жасалып жатқан жұмыстарда көзбояушылық көп»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Балалар арбасын қасақана өртеп жүрген кімдер?

Балалар арбасын қасақана өртеп жүрген кімдер?

4 года ago
KASE биржасында доллар бірден 9 теңгеге арзандады

KASE биржасында доллар бірден 9 теңгеге арзандады

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In