• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Түркістан жеңімпаз жастарымен мақтанады

Бүгінде спорт және дене шынықтыруды дамыту – мемлекеттік ауқымдағы маңызды бағыт. Мықты және өмірге құштар жастарды тәрбиелеу – еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі.

by Jasyn
05/11/2024
in • Жастар саясаты
0
Түркістан жеңімпаз жастарымен мақтанады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Спорт — біздің өміріміздің құрамдас бөлігі және табиғи және рухани жетілудің көрсеткіші. Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт.

Ордабасы ауданында ел намысын әлемдік додаларда тайсалмай көтеріп жүрген спортшылар жетерлік. Ордабасы — әрқашан мықты спортшыларымен мақтанатыны белгілі. Жақында Армения мемлекетінен шахматтан ерекше жандар арасында (20 жасқа дейінгілер арасында) Әлем біріншілігінде екінші орын алған Байділә Аружан, «Темірлан спорт клубы» КММ-нің шахмат жаттықтырушысы Жаманғараев Маратіллә, Астана қаласында өткен V ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынынан көкпардан (көк бөріден) екінші орын алған Шекербеков Бекболат аудан намысын бермей, тартысты жарыстарда абыроймен өнер көрсетті.

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев аталған 2 спортшыны бірге қабылдап, өзінің құттықтау тілегін жеткізіп, арнайы марапаттап, сый-сияпат жасады.

«Ауданымыздың жаттықтырушылары мен спортшылары алдағы уақытта да еліміздің мерейін өсіріп, даңқын шығару мақсатында өздерінің шеберліктері мен күш-қуатын, тәжірибелерін аянбай жұмсарына күмәнсіз сенемін. Баршаңызға амандық, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары ұлғая берсін!» — деді Азат Әбдіғалиұлы.

Сондай-ақ, Черногория Республикасы, Будва қаласында 21 қазан мен 3 қараша күндері бокстан жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Жаһандық бокс бәсекесіне 73 мемлекеттен 598 спортшы қатысып, шаршы алаң төрінде тартысты жекпе-жектер өткізді.

Ұлттық құрама сапында түркістандық 5 спортшы қатысып, 1 алтын, 3 қола медаль қанжығалады.

Осындай аламанда жүлде салған Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері қатарында 67 келіде қолғап түйістірген талантты боксшы Төрехан Сабырхан ринг төрінде атой салып, барлық қарсыласын тізе бүктіріп, алтын медальді мойынында жарқыратты. Ал қыздар арасындағы жекпе-жекте үш бірдей жерлесіміз қола медаль иегері атанды. Атап айтсақ, 52 келіде Бағжан Отынбай, 63 келіде Аружан Жаңабаева және Шұғыла Нәлібайлар қола медальді қанағат етті.

Әлем чемпионатының жеңімпазы Сабырхан Төрехан мен қола жүлдегерлер – Бағжан Отынбай, Шұғыла Нәлібай Түркістан облыстық №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері болса, Аружан Жаңабаева «Түркістан» кәсіби бокс клубының шәкірті.

Ал, Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында пауэрлифтинг және күштік спорт түрлерінен Әлем чемпионаты өтті. Аталған турнирде Кентау қаласының балуандары әлемдік рекордтарды жаңартып, жүлделі орындарды иеленді.

Кентаулық Ділмұрат Ташполатов 3 алтын медаль жеңіп алып, 4 рет әлем рекордын жаңарту арқылы ең үздік спортшы атанды. Сонымен қатар Елнұр Абдрахманов 2 алтын медаль алып, 3 рет әлем рекордын жаңартты. Одан бөлек, Абдықадыр Абдрахманов 2 алтын медаль жеңіп, әлем рекордын жаңартты. Бұдан бөлек, Оразалы Байдулла 2 алтын, Руслан Уалиев 3 алтын, Даурен Дәрібаев 2 алтын медаль алған.

Астана қаласында дойбыдан өткен республикалық жарыста саурандық М.Әуезов мектебінің оқушылары жалпы командалық есепте жүлделі І-орынды иеленді. Жарыс ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткен. Сайыс салауатты өмір салтын қалыптастырып, достық қарым-қатынасты нығайту, жастарды спортқа баулу мақсатында қолға алынған.

Айта кетсек, дойбыдан өткен турнирге Атырау, Жетісу, Қарағанды Маңғыстау, Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Алматы, Астана қалаларынан жалпы саны 40 оқушы қатысқан.

Ал, шардаралық қолкүрес шеберлері Үндістан елінің Мумбай қаласында өткен VIII Азия кубогында топ жарды. Байрақты бәсекеге сары құрлық елдерінің құрыш білекті спортшылары қатысты. Нәтижесінде 23 алтын медальді шардаралық спортшылар жеңіп алды. «Шардара Армспорт» мектебі ұлттық құраманың командалық есепте көш бастауына осылайша орасан үлес қосты. Екінші орынды Үндістан иеленсе, Иордания үшінші орынға табан тіреді.

Жеңіс тұғырынан көрінген Ибрагим Азамат, Назар Заңғар, Хали Текжігіт, Әшім Азат, Алдан Нұрсұлтан мен Анвар Эльдар балалар арасында өз салмақтарында тең келер қарсылас таппады. Жасөспірімдер арасында Жасурбек Маманияз, Қожабек Бекнұр, Мелдебек Болат пен Ибрагим Әділет Азия кубогының иегерлері атанды. Ал, жасөспірім қыздар арасында Оралбай Ұлжан мен Оразхан Ырысты қоржынға қос алтынды салса, жастар арасында Азия кубогы Айыпхан Ерсұлтанның қоржынына түсті.

Ересектер арасында Қожантай Бекжан, Зәрубек Санжар, Ерсайын Мейрамбек, Айдархан Нұрдаулет, Қаржау Есболат, Бекжігіт Асылжан, Тұрғанбек Тұрарбек, Басымбек Нұрболат, Хали Қасымжомарт пен Роман Данияр қарсыластарын қапы қалдырып, алтын медаль алды.

Төлеби спорт клубының жаттықтырушысы Нұрдәулет Сихымбаев самбо күресінен шеберлер арасында әлем чемпионатында 71 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Әлем чемпионаты Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтті. Дүйім жұрт жиналған дүбірлі додада әлемнің 13 мемлекетінен 350-ден астам спортшы, оның ішінде Қазақстаннан 90 спортшы бақ сынады.

Сондай-ақ, келестік мектеп түлегі Ұлыбританиядан олжалы оралды. Нақтырақ айтсақ, Келес ауданындағы №33 «Жуантөбе» жалпы білім беретін мектебінің түлегі Сейдолла Бексұлтан Ұлыбританияға барып жеңіспен оралды. Казіргі таңда әскери қызметте жұмыс жасайтын мектеп түлегі, оқу ордасының мақтанышы болып табылады. Бексұлтанға бастауыш сыныпта сабақ берген сынып жетекшісі Меруерт Акирова оның жас кезінен талапшыл болғанын айтады.

— Бірінші сыныптан бастап шәкіртімнің жауапкершілігі өте жоғары дәрежеде болды. Жоғары сыныпқа барғанда Сакен Қамбаров сынып жетекшілік жасап,тәрбие мен білімін қатар бақылап Бексұлтаның бойында өз Отанына деген сүйіспеншілігін оятты. Ол 2017 жылы Көкшетау кадет корпусына түсіп, 2019 жылы бітірді. Қазіргі таңда Капшағай қаласына десанттық шабуыл бригадасына гвардия аға сержанті қызметін атқаруда. Ол Қазақстан Республикасы қарулы күштер десанттық шабуылдау әскерлерінің әскери спорттық кешені көп сайысы , әскери үш сайыс, армиялық жекпе жектен екі дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасы қоян қолтық ұрысы чемпионатарының бірнеше дүркін жүлдегері,-дейді сынып жетекшісі.

Айта кету керек, №33 «Жуантөбе» жалпы білім беретін мектебінде қазіргі таңда 927 оқушы білім алуда. Білім ордасын бітіріп кеткен түлектер ішінде әскери қызмет атқарып жүрген шәкіртер көп. Мектеп ұжымы осындай шәкірттерін мақтан тұтады.

 

Фото: Келес ауданының әкімдігі

 

Tags: «Темірлан спорт клубы» КММ-нің шахмат жаттықтырушысы Жаманғараев МаратілләV ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынынан көкпарспорт және дене шынықтыруды дамытуТүркістанТүркістан жеңімпаз жастарышахмат жарысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жастар жарысқа түсті

Жастар жарысқа түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Алматыда «Ақын» фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыда «Ақын» фильмінің тұсаукесері өтті

3 года ago
Дариға Назарбаева не себепті Мәжіліс отырысына қатыспай жүр

Дариға Назарбаева не себепті Мәжіліс отырысына қатыспай жүр

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In