АҚШ-тың үш шенеунігі Украинаның астанасы Киевке жақындап келе жатқан Ресей әскері бірнеше күнде қаланы басып алады деп болжады. Олардың пікірінше, көп ұзамай елдің қарсылығы бейтараптандырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Newsweek-ке сілтеме беріп хабарлайды.
Осындай пікірді «Ресеймен қарым-қатынаста үлкен тәжірибесі бар» американдық барлау қызметінің бұрынғы аға офицері білдірді.
«Авиация мен артиллерия аяқталып, нағыз жер үсті соғысы басталғаннан кейін, менің ойымша, Киев бірнеше күннен кейін құлайды. Әскерилер біраз уақыт қарсылық көрсетуі мүмкін, бірақ бұл көпке созылмады», — деді американдық әскери.
Украина президенті Владимир Зеленскийге жақын дереккөз АҚШ-тың Киевті «96 сағат ішінде қоршауға алады» деген пікірімен келісті.
Сонымен бірге, оның айтуынша, Украинада Зеленский үкіметі құлайтынына сенбейді екен. Үкімет Ресейдің құрсауынан шыға ала ма деген сұраққа, дереккөз “қандай-да бір қорытынды жасау әлі ерте” деді.
Бірнеше сағат бұрын Украинаның Херсон облысының билігі аймақтың бір бөлігіне бақылауды жоғалтқаны белгілі болды.
Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігінің басшысы Сергей Шойгу Ресей әскерлерінің қолбасшылығына украиндық сарбаздар мен офицерлерге құрметпен қарауды тапсырған болатын.