• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

9 мың теңге тұратын көмір неге 25 мың теңгеден сатылады?

Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов премьер-министр О. Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында көмірдің бағасын арадағы делдалдар қымбаттатып отырғанын айтады.

by Jasyn
03/04/2025
in Қоғам
0
9 мың теңге тұратын көмір неге 25 мың теңгеден сатылады?
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Делдал компаниялардың қоймалары да, көліктері де, өндірістік қуаттары да жоқ. Есесіне олардың басты қарулары – стол, компьютер және «атағы біраз жерге жететін жақсы есім». Олар көмірді екі есе қымбаттатып, қайта сатумен айналысып отыр. Мысалы, Шұбаркөл көмірі бастапқы бағасы 9 мыңнан сатылып, делдалдар арқылы соңғы тұтынушыға 25 000 теңге шығады. 2023 жылы екі ірі көмір өндіруші компания – Шұбаркөл Көмір мен Қаражыра – өз көмірінің 90 пайызын 20 делдал арқылы сатқан!» дейді депутат М. Жайымбетов.

Тағы бір үлкен мәселе, жыл сайын коммуналдық көмір үшін артық төлем сомасы 30 миллиард теңгеден асады. Ал, бұның зардабы мен салмағы ауылдағы көмір тұтынып отырған халыққа түседі деген сөз.

Делдалдар арқылы өткізу көмір өндіруші компанияларға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық төлемдерін төмендетуге мүмкіндік береді (ХДПИ, көмір сатудан түскен табыстың 2,7% мөлшерінде алынады, сатудың жалпы құнының төмендеуі ХДПИ салық салынатын базасын қысқартады) және табыс салығын азайтады. Нәтижесінде өткен жылы мемлекеттік бюджет 1 миллиард теңгеге жуық салық алмаған.

Монополияға қарсы агенттік көмір өндіретін Шұбаркөл және Қаражыра компанияларын тексеруге бірнеше рет әрекет етті. Алайда, облыс бюджетінің негізгі доноры болған бұл компаниялар жергілікті соттардың шешімі толықтай тосқауыл жасады. Бас прокуратураның бастамасымен биржалық сауда-саттықтағы келісімдерді тексеру бір айдан кейін жабылды.

Тағы бір мәселе делдалдарсыз көмірді тікелей сатуды көздеген көмір операторларына қатысты. Соңғы 3 жыл ішінде аталған операторлардың саны үш есеге өскен. Бүгінгі таңда бүкіл ел бойынша 389 теміржол тұйығына бізде 545 операторлар бар.

Депутат әлеуметтік маңызы бар тауарлардың, соның ішінде көмірдің барлық көлемі саудаланатын мамандандырылған биржаны енгізуді, биржа арқылы тікелей көмір операторларына сатылатын көмірдің үлесін ұлғайтуды, сыбайлас жемқорлық пен аты бар, заты жоқ компанияларды болдырмау үшін аймақтық көмір операторларының нақты критерийлерін анықтауды, сондай-ақ көмір өндіретін кәсіпорындарды тексеруді ұсынды.

Фото: Informburo.kz

Tags: Делдал компанияларкөмірдің бағасы өсуіШұбаркөл және Қаражыра компаниялары
Jasyn

Jasyn

Next Post
Депутат ауыл мен аудандардың бюджеті әлі де облысқа тәуелді екенін айтты

Депутат ауыл мен аудандардың бюджеті әлі де облысқа тәуелді екенін айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тойға барған бастығы емес, шопыры екен

Тойға барған бастығы емес, шопыры екен

2 месяца ago
Электронды кезек жүйесінде 307 мыңнан астам брондау жасалды

Электронды кезек жүйесінде 307 мыңнан астам брондау жасалды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In