Мафис қария зейнетке шыққаннан кейін де қарап жатқан жоқ. 2000 жылы «Мафис» шаруа қожалығын құрып, 21 жылдан бері сол қожалықтың төрағасы. Бұл қожалық алма өсірумен айналысады. Жыл сайын 6 гектар жерге алма егіп, әр гектарынан орташа есеппен 14-15 тонна өнім алып келеді. Шаруа қожалықтың ауыл шаруашылық техникалары жеткілікті. Жекеменшігінде » Газ — 53″ автокөлігі бар.
«Жеміс жидек өсіру де оңай емес. Мәселен, 6 гектардан шамамен 80-85 тонна өнім алғанымызбен, оның тең жартысы шығынына кетеді. Қалғаны біздің нәсіп, балалардың нәсібі» дейді төраға М. Латифов.
Мафис ақсақал 6 ұл қыз өсіріп, олардан немере, шөбере сүйіп отыр. Балалары Ризман, Мизам әкелеріне болысып, шаруа қожалықты дамыту жолында тер төгуде. Мафис ақсақал өзі қазақ мектебінде оқып білім алған, ұрпақтары да таза қазақ тілінде сөйлейді.
М. Латифов Аққұм ауылдық ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі. Қоғамдық істерге де белсенді.
Үнемі қара жұмысты серік еткен ақсақал 83 жасында сергек.