• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қаржы

8,3 миллиард теңгені игерілмеген қаражат деп таныды

2024 жылдың бірінші жартысында Жоғары аудиторлық палатасы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының қызметіне мемлекеттік аудит жүргізіп, бірқатар кемшіліктердің анықталғанын жариялаған болатын. Назарбаев зияткерлік мектептері Жоғары аудиторлық палатасы жүргізген мемлекеттік аудитке қатысты түсінік берді.

by Jasyn
13/08/2024
in Қаржы, Қоғам
0
8,3 миллиард теңгені игерілмеген қаражат деп таныды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тексеріс нәтижесінде Қазақстан заңнамасын бұзу, ұрлау немесе мүлік жетіспеушілігі фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік аудит ДББҰ қызметінде анықтаған кемшіліктердің басым бөлігі рәсімдік сипатта және қаржы-шаруашылық пен ұйымдастырушылық жұмыстарына қатысты болып, мектептердегі оқу процесіне әсер етпейтіні атап өтілді. Аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата анықталған кемшіліктерді пысықтауды және жоюды тапсырды, — деп жазылған НЗМ-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қаржылық бұзушылық ретінде көрсетілген 274,4 миллион теңге сома бухгалтерлік есептегі қателіктерге қатысты және аудит барысында түзетілді.

Мемлекеттік аудиторлар 16,4 миллиард теңгені, оның ішінде тиімсіз жоспарлаудың салдарынан пайда болған 8,3 миллиард теңгені игерілмеген қаражат деп таныды. Бұл қаржы пандемия кезінде еліміздің педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарының, олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың және басқа да іс-шаралардың, сондай-ақ оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерінің онлайн форматқа ауысуына байланысты үнемделді, — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, мемлекеттік аудит барысында НЗМ өткізген сатып алулар бойынша 10,5 миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

«Бұл заң бұзушылықтар рәсімдік сипатта болып, сатып алулар нәтижесіне әсер етпеген. Мысалы, аталған соманың басым бөлігі конкурстағы жағдаймен байланысты, онда әлеуетті жеткізуші нотариустың тіркеу нөмірінсіз нотариалды куәландырылған құжаттарды ұсынған. Алайда нотариустың тіркеу нөмірі бірыңғай электронды базада тіркелген және құжаттың шынайылығы расталды», — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар банк шоттарындағы қалдықтар (27 миллиард теңгеден 55 миллард теңгеге дейін) ақылы қызметтерден, демеушілік және қайырымдылық көмектерден, сондай-ақ шығындарды үнемдеуден жиналады. Бұл теңгерімдерді Қамқоршылық кеңес Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бюджетін бекіту кезінде ескереді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ өз қызметін Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. ДББҰ-ның қаржыландыру тәртібі Бюджет кодексімен реттеледі.

Фото ©️ Tengrinews.kz

Tags: "Назарбаев Зияткерлік мектептері"Аудитигерілмеген қаражат
Jasyn

Jasyn

Next Post
Әкімнің жаңа орынбасары қай салаларға жетекшілік жасайды?

Әкімнің жаңа орынбасары қай салаларға жетекшілік жасайды?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылдық полицейлер жүргізуші құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады

Жамбылдық полицейлер жүргізуші құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады

1 год ago
Жамбылда 4 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

Жамбылда 4 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

4 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In