• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Енді не істейміз?

7 мектептің қазандығы газ жүйесіне қосыла алмады

«Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында Жамбыл облысында жылу, электр салалары бойынша жалпы 1 669,2 млн. теңге қарастырылған. Жамбыл облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың айтуына қарағанда 2023 жылы Ұлттық қор есебінен жалпы соммасы 394,771 млн. теңгеге Шу ауданында 7 білім нысанының қазандықтары газға қосылған.

by Jasyn
12/07/2024
in • Енді не істейміз?, Топ
0
7 мектептің қазандығы газ жүйесіне қосыла алмады
0
SHARES
29
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жобаға сәйкес Ақсу ауылында Ж. Баласағұн атындағы орта мектебі, Бірлік ауылындағы М.Х. Дулати атындағы орта мектебі, Д. Қонаев ауылындағы «Бәйтерек» балабақшасы, Белбасар ауылының Ш. Уалиханов атындағы орта мектебі, Бірлікүстем ауылындағы «Жұлдыз» балабақшасы, Жаңажол ауылындағы Б. Момышұлы атындағы орта  мектебі және Жаңажол ауылының «Бәйшешек» балабақшасы қазандықтары табиғи газға ауыстырылып, нысандар пайдалануға берілді.

— Алайда, өткен жылы Шу ауданы бойынша қолданыстағы газдың қысымы төмен болу жағдайы орын алуына байланысты аталған нысандар газ жүйесіне уақытша қосыла алмады, — дейді Жамбыл облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Ғалым Исақов. — Дегенмен, мектеп қазандықтары резервтік көмір және дизель отындарымен тұрақты жұмыс істеп шықты.

Нақтырақ айтар болсақ, Шу ауданы «Қордай» автоматты газ тарату станциясы (АГТС) арқылы газбен жабдықталған. Жалпы қуаты 12 кгс/см2 болса, қыс маусымы кезеңінде Шу қаласында газдың қысымы 4,5 кгс/см2 дейін, Бірлік, Көктөбе ауылдарында 0,8 кгс/см2 дейін төмендеп кеткен.

Бұл проблемадан қалай құтылуға болады?

Қазір «Qazaq Gaz Aimaq» АҚ филиалымен бірлесе газдың қысымын ұлғайту мәселелері зерделеніп, қыс маусымы кезеңінде коммерциялық, өндірістік мекемелерде баламалы отын түрін пайдалану арқылы газдың тұтыну деңгейін төмендету арқылы газдың қысымын ұлғайту шаралары қарастырылуда.

«Бұл мәселені толық шешу үшін қазіргі таңда салынып жатқан «Шу» автоматты газ тарату станциясы (АГТС) құрылысын аяқтау қажет. Бұл жұмыстар ҚР Үкіметі резервінен қаржы қарастырылған жағдайда, келесі жылы шешімін таппақ» дейді басқарма басшысы Ғалым Исақов.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облыстық мәслихаты «Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы» және ««Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету барысы туралы» мәселелерді қараған болатын.

 

Tags: «Ауыл аманаты» жобасыгазШу ауданында 7 білім нысан
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жас жүрген жер — мереке

Жас жүрген жер -- мереке

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді

Жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді

3 года ago
Каспийдің Қазақстан бөлігінде теңіз вокзалы салына ма

Каспийдің Қазақстан бөлігінде теңіз вокзалы салына ма

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In