• RU
Пятница, 13 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • 2025 — Жұмысшы мамандықтары жылы

7 248 түлек еңбек нарығына аттанғалы отыр

Еңбек адамы – ел байлығы. Елге сыйлы, құрметке лайық адамның бағасы – адал еңбек, маңдай тер. Ендеше әлеуметтік қолдау – жастарды жұмысшы мамандықтарына ынталандыратыны белгілі.

by Jasyn
04/06/2025
in • 2025 — Жұмысшы мамандықтары жылы
0
7 248 түлек еңбек нарығына аттанғалы отыр
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысындағы 42 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында 28 219 студент білім алуда. Бұл оқу орындарының 20-сы мемлекеттік, 22-сі мемлекеттік емес колледждер. Осы оқу орындарын тәмамдаған 7 248 түлек биыл еңбек нарығына аттанғалы отыр. Олардың ішінде 3 880 студент мемлекеттік тапсырыспен білім алған.

Жалпы алғанда өткен жылы маман даярлауға грант көлемі 7 486 орын болса, биыл 7 656 орынға грант бөлінді. 2024 жылы қыркүйек айынан бастап студенттердің шәкіртақысы 2 есеге өсті, 43 574 теңге болды. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім алатын 1 019 студент жатақханамен, 7 571 студент ыстық тамақпен қамтылып, 6 мыңға жуығына жол шығындарын өтеу бойынша әлеуметтік қолдау тұрақты көрсетіліп келеді. Бұл өз кезегінде жастар арасында жұмысшы мамандықтарға түсуге ниет білдірушілердің қатарын арттыруға ықпал еткені анық.

Жамбыл облысында инвестициялық жобалар қарқынды дамып, ауқымы бойынша республикада алғашқы орындамыз. Бұл өз кезегінде техникалық және кәсіптік білімде үлкен трасформациялық жұмыстарды талап етеді. Осыларға кадр әзірлеуде колледждер дайын болу қажет. Сондықтан 2025-2027 жылдары металлургия саласындағы инвестициялық жоба «Yonggang Iron and Steel Group Co.,Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 1000 жұмыс орны, «Investment Co., Ltd. Fufeng Group Ltd» жүгері өңдеу зауытында 500 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Осындай инвест жобаларға сапалы кадр дайындау мақсатында облыста шетелдік колледждің филиалын ашу жөнінде Қытай мемлекетінің Сиянь қаласындағы кәсіптік білім беру комитетімен Жамбыл облыстық білім басқармасы арасында келісімге қол қойылды. Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековтың айтуына қарағанда ірі кәсіпорындардың базасында өндірістік дуалдық оқытудан өту, түлектерді өз мамандықтарымен жұмысқа орналастыру, ірі өндірістермен салалық кластерлер құру, серіктес кәсіпорындарында оқудан, тағылымдамадан өту жұмыстары да басталды. Енді бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.

Фото: Мақат тынысы

Tags: «Жұмысшы мамандықтары»42 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымыЖамбыл облысыкадр дайындау
Jasyn

Jasyn

Next Post
3 000 адам жұмысқа жолданды

3 000 адам жұмысқа жолданды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тараз қаласында зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға уәде берген ер адам ұсталды

Тараз қаласында зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға уәде берген ер адам ұсталды

2 года ago
Ресейден бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды

Ресейден бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In