• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Жолдау

6-қазан күні АЭС-тің тағдыры анықталады

«Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр» деді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

by Jasyn
03/09/2024
in Жолдау
0
Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша соңғы талқылаулар басталды
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жолдауда Президент атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін, сондай-ақ стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек екенін атап өтті.

«Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын», деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, биыл 6 қазанда Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өтеді.

«Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз», деді Мемлекет басшысы.

Фото: GOV.KZ

Tags: АЭС-тің тағдырыЖолдауМемлекет басшысыэкологиялық таза қуат көздері
Jasyn

Jasyn

Next Post
Мұндай іс тек жомарт жандардың ғана қолынан келеді

Мұндай іс тек жомарт жандардың ғана қолынан келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тек полицияның күшімен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу мүмкін емес

Тек полицияның күшімен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу мүмкін емес

1 год ago
ЕЛОРДАЛЫҚ ЖЕТІ ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ   ҒЫЛЫМИ ОЛИМПИАДАДА АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

ЕЛОРДАЛЫҚ ЖЕТІ ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ОЛИМПИАДАДА АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

3 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In