• RU
Четверг, 3 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home білім

552 үміткердің 98-і тіптен емтихан тапсыра алмаған

Соңғы 6 жылда Қазақстанда 106 мыңнан аса заңгерлер дайындалған. 2023 жылы бітірген түлектер саны 14 262-ні құрап, олардың 57 пайызы ғана жұмысқа орналасқан. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған түлектер саны 366 адам, қалғандары ақылы түрде білім алғандар.

by Jasyn
27/03/2024
in білім
0
552 үміткердің 98-і тіптен емтихан тапсыра алмаған
0
SHARES
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Астанада заң білімінің сапасын арттыру және одан әрі дамыту мәселелері жөнінде өткен ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасаған ҚР Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров осындай мәліметтер келтірді.

— Бұл аса мән беретін мәселе, — дейді сенатор Нұрлан Бекназаров. — Мысалы, Германияда 84 миллион тұрғынға шаққанда 40-қа жуық қана заңгерлік оқу орындары қызмет етуде. Сенат депутаттары осы мәселеге ерекше назар аударып келеді, бірқатар іс-шаралар да өткізілуде. Жуырда осы мәселе Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары Академиясында бірлесіп талқыланды. Мысал ретінде: Академияның өзінде соңғы қабылдау науқаны кезінде  жоғарғы оқу орындарының түлектері болып табылатын 552 үміткердің 329-ы әрең дегенде қанағаттанарлық бағасын, ал 98-і тіптен емтихан тапсыра алмаған.

Шынында соңғы жылдары жоғары заңгерлік  білім алу саласы сынға ұшырауда. Сот және құқық қорғау жүйелерін реформалау, сондай-ақ ұлттық заңнаманы дамыту жағдайында елімізге заманауи талаптарға сәйкес келетін білікті заңгерлер қажет. Ресми ақпаратқа сәйкес, бүгінде «Құқық» бағыты бойынша кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 59-ды құрап отыр.

— Тиісті жоғары оқу орындары санының өсуі азаматтарымыздың жоғары білімге деген сұранысын қанағаттандырғанымен, мамандарды даярлау сапасына теріс әсерін тигізбей қоймады, ол әсіресе кейбір жекеменшік жоғары оқу орындарына қатысты. Тағы бір көңіл аударатын мәселе, ол қоғам мен азаматтардың құқықтық сауаттылық мәдениетін көтеру және заңнамалық өзгерістерге қатысты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейту. Сонымен бірге, қолданыстағы заңнаманың нормаларының мәтіндерін қарапайым халыққа түсінікті түрде жазылып, қабылдануы өте маңызды, — дейді Нұрлан Бекназаров.

Конференция барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры Зәуреш Баймолдина, О.Е.Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университетінің бірінші проректоры Инна Ершова, Ресей ІІМ Волгоград академиясының профессоры О.Б.Дронова, М.С.Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ ректоры С.Г.Пен, әл-Фараби ҚазҰУ заң факультетінің деканы Д. Байделдинов және басқалар сөз сөйледі.

 

Tags: Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекзаңгерлер
Jasyn

Jasyn

Next Post
Тараз қаласында 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Тараз қаласында 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша нақты шаралар қабылдау қажет

Жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша нақты шаралар қабылдау қажет

7 месяцев ago
Жомарт Тоқаев «Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы матч кезінде көз жасына ерік берді

Жомарт Тоқаев «Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы матч кезінде көз жасына ерік берді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In