Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау және оның алдын алуға бағытталған шараларды қабылдау шеңберінде, жеке тұлғалардың мемлекеттердің мемлекеттік шекарасы арқылы еркін өте алмауы салдарынан Еуразиялық экономикалық одақ алқасының 2020 жылғы 29 сәуірдегі №47 шешімі қабылданған болатын. Қабылданған шешімге сәйкес шетелдік автокөлік құралдарын (ЕАЭО елдерінің көлік құралдарын қоспағанда) уақытша әкелген жеке тұлғалар үшін уақытша әкелу мерзімін 2021 жылдың 31 қыркүйегіне дейін ұзартылған.
Қазақстан азаматтары Еуразиялық экономикалық одақ аумағында Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы автокөліктеріне сенім хат арқылы уақытша әкелу мерзімін есепке алмай жүре алады. Дегенмен, Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының көлік құралдарына сенім хат арқылы басқару құқығы берілмейді (бұндай құралдардың санаттары шетелдіктер болып саналмайды).
Шетел азаматтары тұрғылықты еліне қайту және көлік құралдарын шығару үшін мемлекеттік шекарадан өтуге мүмкіндігі бар, сондай-ақ шетел азаматтары, өздері шығаруға мүмкіндігі болмаған жағдайда осы құралдарды тасымалдаушылардың көмегімен шығара алады.
Осы көлік құралдарына қатысты, уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін, бұзушылықтарды анықтау бойынша шаралар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлерімен бірлесе отырып жүзеге асырылатын болады.
Сондықтан, шетелдік автокөлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан шығару жүзеге асырылу қажет. Себебі, шетелдік автокөлік құралдарын шығару туралы талаптар Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдерінің аумағында қолданылады.
2020 жылғы наурыздан бастап (елде коронавирустық инфекцияның таралуымен күрес шеңберінде төтенше жағдайлар енгізілгеннен бастап) қазіргі уақытқа дейін 4 708 шетелдік көлік құралдары тіркелген, оның ішінде Қазақстан Республикасында 500 көлік құралы бақылауда.